01.01.2024ж. бастап 31.05.2024ж. дейінгі уақыт аралығында "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) халыққа 24,0 млн астам қызмет көрсетті. Қызметтердің жалпы санының 9,7 млн астамы электрондық форматта көрсетілсе, 13,5 млн қызмет автоматты түрде, ал шамамен 0,3 миллионы қашықтықтан жүзеге асырылды. Күндізгі форматта 492 мыңнан астам қызмет көрсетіліп, оның ішінде тікелей Қордың кеңселерінде 471 мыңға жуық қызмет ұсынылды.
Автоматты режимде көрсетілетін қызметтер санының күн санап өсіп жатқанын ерекше атап өткен жөн. Әсіресе, нысаналы талаптарға қатысушылар үшін шоттар (ЖЗШ/ШЗШ/НЖШ) мен карта ашу өсімі 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарнасын (ЖМЗЖ) енгізуге, сондай-ақ, "Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасы шеңберінде төлемдерді есепке алу және есептеу бойынша БЖЗҚ-ның қызмет ауқымын кеңейтуге байланысты болды. Естеріңізге сала кетейік, барлық зейнетақы шоттары БЖЗҚ-ға алғашқы жарна түскен кезде автоматты түрде ашылады. Сондай-ақ, "Ұлттық қор-балаларға" бағдарламасының қатысушыларына нысаналы талаптар мен нысаналы жинақтар автоматты түрде есептеледі. Қызметтердің көп түрі, оның ішінде, шоттарды автоматты түрде ашу, кәмелетке толмаған азаматтарға нысаналы талаптарды есептеу және ЖМЗЖ сомаларын есепке алу БЖЗҚ-ның мемлекеттік органдардың дерекқорларымен интеграциялануының арқасында мүмкін болып отыр.
Есепті кезең ішінде шартты зейнетақы шоттарын (жұмыс берушінің ЖМЗЖ аудару нәтижесінде ашылған ШЗШ) және нысаналы жинақтау шоттарын (НЖШ, "Ұлттық қор-балаларға" бағдарламасы шеңберінде) қоса алғанда, зейнетақы жарналарының барлық түрлері бойынша ашылған жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) жалпы саны 4,2 млн бірліктен асты.
Жеке зейнетақы шотынан, шартты зейнетақы шотынан (ШЗШ), сондай-ақ, нысаналы жинақтау шотынан (НЖШ) үзінді көшірме алу - әлі де ең танымал қызмет қатарында. Жыл басынан бері ЖЗШ, ШЗШ, НЖШ-дан 11,0 млн астам үзінді көшірме берілді. Оның ішінде 8,7 млн үзінді көшірме электронды түрде (үзінді көшірмелердің жалпы санының 79%) және шамамен 2 млн автоматты режимде (үзінді көшірмелердің жалпы санының 118%) рәсімделді.