01.01.2024ж. бастап 30.04.2024ж. дейінгі уақыт аралығында "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) халыққа 21,5 млн астам қызмет көрсетті. Қызметтердің жалпы санының 7,9 млн астамы электрондық форматта көрсетілсе, 13,0 млн жуық қызмет автоматты түрде, ал 0,2 миллионы қашықтықтан жүзеге асырылды. Күндізгі форматта 399 мыңнан астам қызмет көрсетіліп, оның ішінде тікелей Қордың кеңселерінде 381 мыңға жуық қызмет ұсынылды.
Естеріңізге сала кетейік, БЖЗҚ төлемдердің түрлеріне қатысты қызметтерді барлық форматта, соның ішінде электронды және күндізгі бөлімде көрсетеді. Есепті кезеңде автоматты режимде көрсетілетін қызметтер саны едәуір өсті, ең алдымен – нысаналы талаптарға қатысушылар үшін шоттар (ЖЗШ/ШЗШ/НЖШ) мен карта ашу. Бұл өсім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарнасын (ЖМЗЖ) енгізуге, сондай-ақ, "Ұлттық қор-балаларға" бағдарламасы шеңберінде төлемдерді есепке алу және есептеу бойынша БЖЗҚ қызмет ауқымын кеңейтуге байланысты болды. Естеріңізге сала кетейік, барлық зейнетақы шоттары БЖЗҚ-ға алғашқы жарна түскен кезде автоматты түрде ашылады. Сондай-ақ, "Ұлттық қор-балаларға" бағдарламасының қатысушыларына нысаналы талаптар мен нысаналы жинақтар автоматты түрде есептеледі. Айта кету керек, шоттарды автоматты түрде ашу, кәмелетке толмаған азаматтарға нысаналы талаптарды есептеу және ЖМЗЖ сомаларын есепке алу БЖЗҚ-ның мемлекеттік органдардың дерекқорларымен интеграциялануының арқасында мүмкін болып отыр.
2024 жылдың есепті кезеңінде шартты зейнетақы шоттарын (жұмыс берушінің ЖМЗЖ аудару нәтижесінде ашылған ШЗШ) және нысаналы жинақтау шоттарын (НЖШ, "Ұлттық қор-балаларға" бағдарламасы шеңберінде) қоса алғанда, зейнетақы жарналарының барлық түрлері бойынша ашылған жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) жалпы саны барлық формат бойынша 4,0 млн асты.