"Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасын іске асырудың алғашқы 3 айында жас отандастарымыз нысаналы жинақтарын қалай пайдалануда

      2024 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша "Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасы шеңберінде "БЖЗҚ" АҚ жалпы сомасы 585 641,64 АҚШ долларына 5 845 өтінішті орындады (өтініш берушілердің банктік шоттарына аудару үшін уәкілетті операторларға аударылды). Оның ішінде тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында 263 664,90 АҚШ долларына 2 634 өтініш, білім беру ақысын төлеу үшін 321 976,74 АҚШ доллары көлеміне 3 211 өтініш орындалды.

Нысаналы жинақтарды алушы өзіне тиесілі барлық соманы да, оның бір бөлігін де пайдалануға құқылы. Бұл ретте пайдаланылмаған соманың қалдығы нысаналы жинақтау шотында (НЖШ) қалады.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың ақпан айында "Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасы аясында 2024 жылы 18 жасқа толған азаматтар үшін БЖЗҚ-дағы НЖШ-ға алғашқы төлемдер түсе бастады. Бағдарламаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының (бұдан әрі - Ұлттық қор) инвестициялық кірісінің 50% жыл сайын Қазақстан Республикасының 18 жасқа дейінгі барлық жастағы бала азаматтары арасында бөлінеді.

НЖШ-дағы қаражат тұрғын үй жағдайларын жақсарту және БЖЗҚ-мен тиісті келісімдер жасасқан уәкілетті операторлар арқылы білім алуға ақы төлеу мақсатында пайдалануға арналған. Олар АҚШ долларында сақталады. Нысаналы жинақтарды алушылар кәмелетке толғаннан кейін оларды көрсетілген мақсаттарға пайдалана алады.

Тұрғын үйге арналған нысаналы жинақтарды пайдалану жөніндегі уәкілетті оператор - "Отбасы банкі" тұрғын үй құрылыс жинақ банкі " АҚ.

 Нысаналы жинақтарды білім алу ақысын төлеу үшін "Отбасы банкі "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ және "Қазақстан Халық банкі"АҚ екі уәкілетті операторы арқылы пайдалануға болады.

 

Дата публикации
04 июня 2024