«БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар»

  1. "Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасы аясында тиісті ақшаны мерзімінен бұрын алуға бола ма? Шетелге тұрақты тұруға кеткен баланың оны алуға құқығы бар ма? Бала 18 жасқа дейін немесе одан кейін қайтыс болған жағдайда жинақтардың тағдыры қалай шешіледі?

 

           Балалар 18 жасқа толғанға дейін нысаналы талаптар мен инвестициялық кіріс мерзімінен бұрын алу құқығынсыз есептелетін болады. Естеріңізге сала кетейік, кәмелетке толған кезде алушы жинақталған соманы тек білім алуға немесе тұрғын үйге пайдалануға құқылы. 

           Қазақстаннан басқа мемлекетке тұрақты тұруға кеткен балалар Ұлттық қордың қаражатын пайдалану құқығынан айырылады.

           Бала 18 жасқа дейін немесе одан кейін қайтыс болған жағдайда жинақтар ҚР азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен мұраға қалдырылады. Жинақтар баланың мұрагерлері үшін уәкілетті операторда ашылған банктік шотқа аударылады. Мұрагер ретінде баланың жақын туыстары немесе заңды өкілі танылады. Қаражатты кез-келген мақсатта пайдалануға болады. 

 

  1. Алдағы жылдары жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) қалай өзгереді?

 

            2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесі жаңа құрамдауыш - жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарымен (ЖМЗЖ) толықтырылды. ЖМЗЖ мөлшері қызметкердің ай сайынғы табысына байланысты және жұмыс берушінің қаражаты есебінен қаржыландырылатын болады. Жұмыс берушіге түсетін жүктеменің теңгерімді болуы мақсатында ЖМЗЖ жарнаны кезең-кезеңімен ұлғайта отырып аударылатын болады:

  • 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап – 1,5 пайыз мөлшерінде;
  • 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – 2,5 пайыз мөлшерінде;
  • 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап – 3,5 пайыз мөлшерінде;
  • 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап – 4,5 пайыз мөлшерінде;
  • 2028 жылғы 1 қаңтардан бастап – 5 пайыз мөлшерінде.
Дата публикации
04 июня 2024