Жергілікті атқарушы органдарының 2022 жылдың ІІI тоқсанында көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша қысқаша есебі

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес (18.05.2022ж. өзгерістер мен толықтырулар енгізілді) Байзақ ауданының жергілікті атқарушы органдарымен(ары қарай - ЖАО) 64 қызмет түрі көрсетіледі.     

Оның ішінде:

  • қағаз түрінде – 4 қызмет түрі (6,2 %);
  • электронды түрде – 40 қызмет (62,5 %);
  • мемлекеттік корпорация арқылы – 20 қызмет (31,3 %).

2022 жылдың ІІI тоқсанында аудан бойынша ЖАО 3274 мемлекеттік қызметтер көрсетілген. 

Оның ішінде:

  • электронды түрде– 3206 қызмет (97,9 %);
  • қағаз түрінде– көрсетілмеген
  • қағаз түрінде (баламалы) – 68 қызмет (2,1%).

Осы мерзімде ЖАО қызмет берушілері 1 қызметті көрсетуден дәлелді бас тартты. Аталған бас тартулардың негізгі себептері қызмет алушылардың құжаттар топтамасын толық ұсынбауы немесе дұрыс толтырмауы.

2022 жылдың ІІІ тоқсанында мемлекеттік көрсетілетін қызметтергешағым түспеген.Мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтердің жалпы саны – 3.

ЖАО есепті кезеңде мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша 27 түсіндірме іс-шаралар жүргізіліп (насихаттау, семинар-кеңестер, БАҚ-та жариялау, бейнероликтер) 692 халық қамтылды.       

2022 жылдың ІІІ тоқсанында мемлекетік қызметтер саласына қатысты біліктілігін арттыру курстарынан ЖАО-ның қызметкерлері өтпеген.

 

Байзақ ауданы жергілікті атқарушы органдарының

2022 жылдың ІІI тоқсанында

көрсетілген мемлекеттік қызметтерінің сапасын

ішкі бақылау бойынша есебі

 Байзақ ауданы жергілікті атқарушы органдарының ішкі бақылау жұмысына жауапты қызметкерлері бекітілген жоспарға сәйкес, есепті кезеңде Аудан әкімдігінің уыл шаруашылығы бөлімі және Сазтерек ауылдық округіне ішкі бақылау жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде 4 бұзушылықтар анықталды және 6 ұсыныс әзірленіп, толығымен орындалды.

Бақылау іс-шаралары ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша аумақтық департаментінің сарапшыларын тарта отырып жүргізілді.

Бақылаумен анықталған бұзушылықтардың ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметке жауапты мамандардың біліктілігін арттыру курстарынан өтпегені 2 фактісі, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнаманың өзге де талаптарын бұзудың 2 фактісі анықталды.

 

 

Дата публикации
22 мая 2024