Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес Байзақ ауданының жергілікті атқарушы органдарымен (ары қарай - ЖАО)
52 мемлекеттік қызмет түрі (кіші қызмет түрімен қосқанда 96) көрсетіледі.
Оның ішінде:
2024 жылдың I тоқсан қорытындысы бойынша аудандағы жергілікті атқарушы органдармен 228 мемлекеттік қызметтер көрсетілген.
Оның ішінде:
Осы мерзімде жергілікті атқарушы органдардың қызмет берушілері
дәлелді бас тартулар орын алған жоқ.
2024 жылдың I тоқсанында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге шағым түспеген.
Мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтер орын алмады.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша
11 түсіндірме іс-шаралар жүргізіліп (насихаттау, семинар-кеңестер, БАҚ-та жариялау, бейнероликтер) 22021 халық қамтылды.
Есепті кезеңде мемлекеттік қызметтер саласында біліктілікті арттыру курстарынан 6 мемлекеттік қызметкер өткен.
Байзақ ауданы жергілікті атқарушы органдарының
2024 жылдың I тоқсанында
көрсетілген мемлекеттік қызметтерінің сапасын
ішкі бақылау бойынша есебі
Байзақ ауданы жергілікті атқарушы органдарының ішкі бақылау жұмысына жауапты қызметкерлері бекітілген жоспарға сәйкес, есепті кезеңде аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі мен Бәйтерек ауылдық округіне ішкі бақылау жұмыстары жүргізілді.
Нәтижесінде 5 бұзушылықтар анықталды және 6 ұсыныс беріліп, толығымен орындалды.
Бақылау іс-шаралары ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша аумақтық департаментінің сарапшыларын тарта отырып жүргізілді.
Бақылаумен анықталған бұзушылықтардың ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметке жауапты мамандардың біліктілігін арттыру курстарынан өтпегені 3 фактісі анықталды.