Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес Байзақ ауданының жергілікті атқарушы органдарымен (ары қарай - ЖАО)
52 мемлекеттік қызмет түрі (кіші қызмет түрімен қосқанда 96) көрсетіледі.
Оның ішінде:
2023 жылдың 12 айында аудан бойынша жергілікті атқарушы органдарымен 6774 мемлекеттік қызметтер көрсетілген.
Оның ішінде:
Осы мерзімде жергілікті атқарушы органдардың қызмет берушілері дәлелді бас тарту орын алмаған.
2023 жылдың 12 айында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге шағым түспеген.
Ағымдағы жылы мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтердің жалпы саны – 1.
Осы мерзімде жергілікті атқарушы органдардың қызмет берушілері
дәлелді бас тартулар орын алған жоқ.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша 80түсіндірме іс-шаралар жүргізіліп (насихаттау, семинар-кеңестер, БАҚ-та жариялау, бейнероликтер) 81504 халық қамтылды.
Сондай-ақ, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша ақпараттық материалдар аудан әкімдігінің әлеуметтік желілердегі (facebook, instagram) парақшаларына әртүрлі тақырыптарда 26 мақала жарияланды.
А.ж. аудан бойынша 16 мемлекеттік қызметкер мемлекеттік қызметтер саласында біліктілікті арттыру курстарынан өткен.
Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Жамбыл облысы бойынша департаментімен бірлесіп бүгінгі күнге мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша Байзақ ауданы әкімдігінің мемлекеттік қызмет көрсетілетін бөлімдерінің қатыстырылуымен, аудан тұрғындарына 3 жәрмеңке өткізілді.
Байзақ ауданы жергілікті атқарушы органдарының
2023 жылдың 12 айында
көрсетілген мемлекеттік қызметтерінің сапасын
ішкі бақылау бойынша есебі
Бекітілген жоспарға сәйкес тоқсан сайын ішкі бақылау жұмыстары жүргізіліп отырады. 2023 жылдың қорытындысы бойынша 8 ішкі бақылау жұмыстары өткізлді (Аудан әкімдігінің сәулет, қалақұрылысы және құрылыс бөліміне, дене шынықтыру және спорт, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімідеріне және Ботамойнақ, Темірбек, Қызыл жұлдыз, Сарыкемер, Түймекент ауыл және ауылдық округтеріне).
Нәтижесінде 23 кемшіліктер анықталды және 20 ұсыныс әзірленіп, толығымен орындалды.
Бақылау іс-шаралары ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша аумақтық департаментінің сарапшыларын тарта отырып жүргізілді.