Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Тізіліміне сәйкес (01.07.2023 ж. өзгерістер мен толықтырулармен) Байзақ ауданының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі-ЖАО) қызметтердің 52 түрін көрсетеді
(96 кіші түр)
Оның ішінде:
- қағаз түрінде-3 Қызмет түрі (3,1 %);
- электронды түрде-42 қызмет (43,8%);
- қағаз түрінде (балама)-51 қызмет (53,1 %).
2023 жылдың IV тоқсанында ауданның жергілікті атқарушы органдарымен барлығы 54 Мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Оның ішінде:
- электронды түрде-0 қызмет (0%);
- қағаз түрінде-3 қызмет (3,1%);
- қағаз түрінде (балама) - 113 қызмет (96,7 %).
2023 жылдың IV тоқсанында ЖАО-ның қызмет берушілері дәлелді бас тартқан жоқ.
2023 жылдың IV тоқсанында мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымдар түсті.
2023 жылдың IV тоқсанының қорытындысы бойынша мерзімдері бұзылған көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны-0.
ЖАО есепті кезеңде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру мақсатында 8 түсіндіру іс-шарасы (оның ішінде: БАҚ-тағы жарияланымдар, семинар-кеңестер, бейнероликтер) өткізілді
21281 адам.
Есепті кезеңде мемлекеттік қызметтер саласындағы біліктілікті арттыру курстарынан 1 мемлекеттік қызметші өтті.
2023 жылдың IV тоқсанында мемлекеттік қызметтер көрсету сапаға ішкі бақылау жүргізу туралы
есеп
Бекітілген жоспарға сәйкес Байзақ ауданының ішкі бақылау жөніндегі жұмысқа жауапты жергілікті атқарушы органдарының қызметкерлері есепті кезеңде аудан және Түймекент ауылдық округі әкімшілігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне ішкі бақылау жүргізді.
Нәтижесінде 10 бұзушылық анықталды, 5 ұсыныс әзірленді және толық орындалды.
Бақылау іс-шаралары ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша аумақтық департаментінің сарапшыларын тарта отырып өткізілді.
БАҚЫЛАУДА анықталған бұзушылықтардың ішінен Мемлекеттік қызметке жауапты мамандардың біліктілікті арттыру курстарынан өтпеуінің 5 фактісі анықталды.