Жергілікті атқарушы органдарының 2022 жылдың 12 айында көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша қысқаша есебі

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес Байзақ ауданының жергілікті атқарушы органдарымен 64 қызмет түрі көрсетіледі.       

Оның ішінде:

  • қағаз түрінде – 4 қызмет түрі (6,2 %);
  • электронды түрде – 40 қызмет (62,5 %);
  • мемлекеттік корпорация арқылы – 20 қызмет (31,3 %).

2022 жылдың қорытындысы бойынша аудандағыжергілікті атқарушы органдармен 9153 мемлекеттік қызметтер көрсетілген. 

Оның ішінде:

  • электронды түрде– 8424қызмет (92 %);
  • қағаз түрінде– көрсетілмеген
  • қағаз түрінде (баламалы) –729қызмет (8 %).

Осы мерзімде жергілікті атқарушы органдардың қызмет берушілері 14 қызметті көрсетуден дәлелді бас тартты. Аталған бас тартулардың негізгі себептері қызмет алушылардың құжаттар топтамасын толық ұсынбауы немесе дұрыс толтырмауы.

2022 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге шағым түспеген.

2022 жылдың қорытындысы бойынша мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтердің жалпы саны – 5.

ЖАО есепті кезеңде мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша 84 түсіндірме іс-шаралар жүргізіліп (насихаттау, семинар-кеңестер, БАҚ-та жариялау, бейнероликтер) 2433 халық қамтылды.        2022 жылдың 12 айында мемлекетік қызметтер саласына қатысты біліктілігін арттыру курстарынан ЖАО-ның 5 қызметкері өткен.

Байзақ ауданы жергілікті атқарушы органдарының

2022 жылдың 12 айында

көрсетілген мемлекеттік қызметтерінің сапасын

ішкі бақылау бойынша есебі

 Бекітілген жоспарға сәйкес тоқсан сайын ішкі бақылау жұмыстары жүргізіліп отырады. 2022 жылдың қорытындысы бойынша Дихан ауылдық округіне, аудан әкімдігінің жер қатынастары бөліміне, Суханбаев ауылдық округіне, Көктал ауылдық округіне, аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөліміне, Сазтерек ауылдық округіне, аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық  жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне және Бурыл ауылдық округіне ішкі бақылау жұмыстары жүргізілді.

Нәтижесінде 10 бұзушылықтар анықталды және 10 ұсыныс әзірленіп, толығымен орындалды.

Бақылау іс-шаралары ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша аумақтық департаментінің сарапшыларын тарта отырып жүргізілді.

Дата публикации
21 мая 2024