Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес Байзақ ауданының жергілікті атқарушы органдарымен 64 қызмет түрі көрсетіледі.
Оның ішінде:
2022 жылдың қорытындысы бойынша аудандағыжергілікті атқарушы органдармен 2069 мемлекеттік қызметтер көрсетілген.
Оның ішінде:
Осы мерзімде ЖАО қызмет берушілері 1 қызметті көрсетуден дәлелді бас тартты. Аталған бас тартулардың негізгі себептері қызмет алушылардың құжаттар топтамасын толық ұсынбауы немесе дұрыс толтырмауы.
2022 жылдың IV тоқсанында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге шағым түспеген.
2022 жылдың IV тоқсанында мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтер жоқ.
ЖАО есепті кезеңде мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша 19 түсіндірме іс-шаралар жүргізіліп (насихаттау, семинар-кеңестер, БАҚ-та жариялау, бейнероликтер) 617 халық қамтылды.
2022 жылдың IV тоқсанында мемлекетік қызметтер саласына қатысты біліктілігін арттыру курстарынан ЖАО-ның 1 қызметкері өткен.
Байзақ ауданы жергілікті атқарушы органдарының
2022 жылдың IV тоқсанында
көрсетілген мемлекеттік қызметтерінің сапасын
ішкі бақылау бойынша есебі
Байзақ ауданы жергілікті атқарушы органдарының ішкі бақылау жұмысына жауапты қызметкерлері бекітілген жоспарға сәйкес, есепті кезеңде аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне және Бурыл ауылдық округіне ішкі бақылау жұмыстары жүргізілді.
Нәтижесінде 2 бұзушылықтар анықталды және 2 ұсыныс әзірленіп, толығымен орындалды.
Бақылау іс-шаралары ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша аумақтық департаментінің сарапшыларын тарта отырып жүргізілді.
Бақылаумен анықталған бұзушылықтардың ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметке жауапты мамандардың біліктілігін арттыру курстарынан өтпегені 2 фактісі анықталды.