Жергілікті атқарушы органдарының 2022 жылдың ІІ тоқсанында көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша қысқаша есебі

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес (18.05.2022ж. өзгерістер мен толықтырулар енгізілді) Байзақ ауданының жергілікті атқарушы органдарымен(ары қарай - ЖАО) 64 қызмет түрі көрсетіледі.     

Оның ішінде:

  • қағаз түрінде – 4 қызмет түрі (6,2 %);
  • электронды түрде – 40 қызмет (62,5 %);
  • мемлекеттік корпорация арқылы – 20 қызмет (31,3 %).

2022 жылдың ІІ тоқсанында аудан бойынша ЖАО 2 712 мемлекеттік қызметтер көрсетілген. 

Оның ішінде:

  • электронды түрде– 2 560 қызмет (94,4 %);
  • қағаз түрінде– көрсетілмеген
  • қағаз түрінде (баламалы) – 152 қызмет (5,6%).

Осы мерзімде ЖАО қызмет берушілері 1 қызметті көрсетуден дәлелді бас тартты. Аталған бас тартулардың негізгі себептері қызмет алушылардың құжаттар топтамасын толық ұсынбауы немесе дұрыс толтырмауы.

2022 жылдың ІІ тоқсанында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге шағым түспеген. Мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтер жоқ.

ЖАО есепті кезеңде мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша 25 түсіндірме іс-шаралар жүргізіліп (насихаттау, семинар-кеңестер, БАҚ-та жариялау, бейнероликтер) 760 халық қамтылды.       

2022 жылдың ІІ тоқсанында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласына қатысты біліктілігін арттыру курстарынан мемлекеттік қызметтерді көрсететін 4 қызметкер өтті.

Байзақ ауданы жергілікті атқарушы органдарының

2022 жылдың ІІ тоқсанында

көрсетілген мемлекеттік қызметтерінің сапасын

ішкі бақылау бойынша есебі

 Байзақ ауданы жергілікті атқарушы органдарының ішкі бақылау жұмысына жауапты қызметкерлері бекітілген жоспарға сәйкес, есепті кезеңде Суханбаев және Көктал ауылдық округтеріне ішкі бақылау жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде 2 бұзушылықтар анықталды және 3 ұсыныс әзірленіп, толығымен орындалды.

Бақылаумен анықталған бұзушылықтардың ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметке жауапты мамандардың біліктілігін арттыру курстарынан өтпегені 2 фактісі анықталды.

 

Дата публикации
21 мая 2024