Жергілікті атқарушы органдарының 2021 жылдың ІV тоқсанында көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша қысқаша есебі

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес Байзақ ауданының жергілікті атқарушы органдарымен (ары қарай - ЖАО) 64 қызмет түрі көрсетіледі.         

Оның ішінде:

  • қағаз түрінде – 4 қызмет түрі (6,2 %);
  • электронды түрде – 40 қызмет (62,5 %);
  • мемлекеттік корпорация арқылы – 20 қызмет (31,3 %).

2021жылдың ІV тоқсанында аудан бойынша ЖАО 1583 мемлекеттік қызметтер көрсетілген. 

Оның ішінде:

  • электронды түрде – 1323 қызмет (83,6 %);
  • қағаз түрінде– көрсетілмеген
  • қағаз түрінде (баламалы) – 260 қызмет (4%).

Осы мерзімде ЖАО қызмет берушілері тарапынан  қызметті көрсетуден бас тартулар орын алмаған.

2021жылдың ІV тоқсанында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге шағым түспеген.Мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтер жоқ.

ЖАО есепті кезеңде мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша 12 түсіндірме іс-шаралар жүргізіліп (насихаттау, семинар-кеңестер, БАҚ-та жариялау, бейнероликтер) 296 халық қамтылды.       

2021жылдың ІV тоқсанында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласына қатысты біліктілігін арттыру курстарынан мемлекеттік қызметтерді көрсететін 1 қызметкер өтті.

Дата публикации
21 мая 2024