"Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу" мемлекеттік қызмет көрсетуге мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі

1.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші)

2.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін жеке және заңды тұлғалардың (көрсетілетін қызметті алушы) өтінімі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) www.​egov.​kz, www.​eli​cens​e.​kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

3.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

Өтініш тіркелген сәттен бастап машинаның тікелей тұрған жерi бойынша 10 (он) жұмыс күні ішінде.
Машинаны тіркеу пунктіне әкелген кезде өтініш тіркелген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде

4.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық/қағаз түрінде.

5.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Тіркеу құжатына (техникалық паспортқа) инженер-инспектордың қолымен және көрсетілетін қызметті берушінің мөртабанымен расталған "Ақауы бар" не "Ақаусыз" деген жазба енгізу

6.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін

Дата публикации
21 мая 2024