"Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), тіркеу есебінен алу және олар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі

Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 09.02.2024 № 50 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: "Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тіркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), тіркеу есебінен алу және олар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру"
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрлері:
1. Машиналарды тіркеу.
2. Машиналарды қайта тіркеу.
3. Машиналарды тіркеу есебінен шығару.
4. Тіркеу құжатының телнұсқасын және (немесе) жаңа нөмірлік белгіні алу.
5. Ауыл шаруашылығы техникасы туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету).
6. Тракторлар мен олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналардың кепілінің (немесе өзге де ауыртпалықтардың) болуы (болмауы) туралы ақпарат беру.

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері

Жеке және заңды тұлғалардың (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы)
өтініштерін қабылдау:
1) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал);
2) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
"Машиналарды тіркеу", "Машиналарды қайта тіркеу", "Машиналарды тіркеуден шығару", "Тіркеу құжатының телнұсқасын және (немесе) жаңа нөмірлік белгі алу" мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің кіші түрлері бойынша, сондай-ақ "Ауыл шаруашылығы техникасы туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету)" мемлекеттік көрсетілетін қызметінің кіші түрі бойынша тіркеу құжатындағы ауыл шаруашылығы техникасы туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету) кезінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
"Тракторлар және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдер, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдері, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналар кепілінің (немесе өзге де ауыртпалықтардың) болуы (болмауы) туралы ақпарат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметінің кіші түрі бойынша, сондай-ақ "Ауыл шаруашылығы техникасы туралы ақпаратты өзектендіру (түзету)" мемлекеттік көрсетілетін қызметінің кіші түрі бойынша ақпараттық жүйеде ауыл шаруашылығы техникасы туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету) кезінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы не портал арқылы жүзеге асырылады.

Дата публикации
21 мая 2024