"Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну" мемлекеттік қызмет көрсетуге мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының ауылдық аумақтарды дамыту саласындағы уәкілетті органдары

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

Ақпараттандыру объектілері арқылы – otbasybank.kz/programm-bank Баспана Маркет жылжымайтын мүлік порталы (бұдан әрі – Портал).

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

6 (алты) жұмыс күні

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған).

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Порталда көрсетілетін қызметті алушыға берілген Ауылдық елдi мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну туралы келісім (бұдан әрі – Келісім) жасасу қажеттігі туралы, есепке алу және кезектілікке қою туралы хабарлама немесе әлеуметтік қолдау шараларын ұсынудан дәлелді бас тарту.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

Дата публикации
21 мая 2024