"Ауданаралық (қалааралық облысішілік), ауданішілік, қалалық (ауылдық) және қала маңындағы қатынастарда әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша автомобильдік жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялау" мемлекеттік қызмет көрсетуге мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі

1.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары

2.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арнасы)

портал арқылы

3.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

5 (бес) жұмыс күні ішінде

4.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электронды (толық автоматтандырылған)

5.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Субсидия тағайындау туралы хабарлама не субсидия тағайындаудан бас тарту туралы хабарлама жіберу тәсілімен мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе оның міндетін атқарушының электрондық цифрлық қолтаңбасы қол қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.

Дата публикации
21 мая 2024