Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 08.04.2021 № 159 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
|
1. |
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы |
Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары. |
|
2. |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арнасы) |
портал арқылы. |
|
3. |
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі |
4 (төрт) жұмыс күні. |
|
4. |
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны |
Электронды (толық автоматтандырылған). |
|
5. |
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік тұрақты тасымалдау маршруттарын және қозғалыс кестелерін бекіту туралы хабарлама, не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарлама. |