"Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі

1.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелері, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, облыстық маңызы бар аудандар мен қалалардың жергілікті атқарушы органдары.

2.

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

"электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – Портал).

3.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

15 (он бес) жұмыс күн.

4.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық түрінде.

5.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспорты;
Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын ескертулермен;
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

Дата публикации
21 мая 2024