Құрылыс және реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну" мемлекеттік қызмет көрсетуге мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы:
1. Құрылыс жобаларын әзірлеуге арналған бастапқы материалдарды ұсыну;
2. Сәулет-жоспарлау тапсырмасы мен инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосуға арналған техникалық шарттарды ұсыну;
3. Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты қолданыстағы ғимараттар мен құрылыстардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) үшін бастапқы материалдарды ұсыну.

Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

1) жаңа құрылысқа бастапқы материалдарды алу үшін:
техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі емес объектілерді салу жобалар бойынша - 15 (он бес) жұмыс күні;
техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерді салу жобалар бойынша - 17 (он жеті) жұмыс күні;
2) сәулет-жоспарлау тапсырмасы (бұдан әрі – СЖТ) және инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосылу үшін техникалық шарттарды (бұдан әрі – техникалық шарттар):
техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі емес объектілерді салу жобалар бойынша - 9 (тоғыз) жұмыс күні;
техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерді салу жобалар бойынша - 15 (он бес) жұмыс күні;
3) тіреу және қоршау (сыртқы) конструкцияларын, инженерлік жүйелері мен жабдықтарын өзгертуге байланысты қолданыстағы ғимараттар мен құрылыстардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) үшін бастапқы материалдарды алу үшін - өтініш берілген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні.
Дәлелді бас тарту – 5 (бес) жұмыс күні.

Дата публикации
20 мая 2024