"Іздестіру жұмыстары үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру" Мемлекеттік қызмет көрсетуге мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібіқ

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Облыстардың, Астана, Алматы Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).

2
2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері

"Электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы.

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

10 (он) жұмыс күні

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

электрондық (толық автоматтандырылған).

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Іздестіру жұмыстары үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру туралы көрсетілетін қызметті берушінің қаулысы не мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту.

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін.

Дата публикации
20 мая 2024