Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 18.01.2024 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
|
1 |
Көрсетілетін қызметті беруші |
Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары |
|
2 |
Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері |
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) |
|
3 |
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі |
1) куәлік (куәліктің телнұсқасын) беру – 5 (бес) жұмыс күні. |
|
4 |
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны |
Қағаз түрінде |