"Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау" мемлекеттік қызмет көрсетуге мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі

 

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 05.05.2024 № 141 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың ЖАО

2

Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері

Кент, ауыл, ауылдық округ әкімі, мансап орталығы, "электрондық үкіметтің" веб-порталы www. egov. kz (бұдан әрі – "портал"), ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы

3

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімі

"Портал", мансап орталығына жүгінген кезде – мансап орталығы құжаттар топтамасын тіркеген күннен бастап – 15 (он бес) жұмыс күні

Проактивтік қызмет көрсетілген кезде – адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуге адамның (отбасының) келісімін алған күннен бастап – 15 (он бес) жұмыс күні

кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап – 18 (он сегіз) жұмыс күні

Дата публикации
20 мая 2024