"Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" Мемлекеттік қызмет көрсетуге мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері

"Электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) және "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

13 (он үш) жұмыс күні.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

электрондық (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Көрсетілетін қызметті берушінің сатып алу-сату шартын (жер учаскесін сатып алған жағдайда) қоса бере отырып, жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешімі не мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту.

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін.

Дата публикации
20 мая 2024