2024 жылдың 1 тоқсанында « БЖЗҚ» АҚ көрсеткен қызметтер саны 18 миллионнан асты

01.01.2024ж. мен 31.03.2024ж. аралығында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры халыққа 18,7 млн. астам қызмет көрсетті. Жүргізілген операциялардың ішінде 6,1 млн. астам қызмет электрондық форматта, ал автоматты түрде – 12,1 млн. қызмет, қашықтан 180 мыңнан астам қызмет көрсетіліп, жүзбе-жүз 296 мыңнан астам қызмет ұсынылды. Оның ішінде тікелей Қор  кеңселерінде 279 мыңнан астам қызмет көрсетілді.

Өздеріңізге белгілі, БЖЗҚ-ның шот ашу және төлемдердің көптеген түрлерін жүзеге асыру сияқты негізгі операциялары автоматты режимде көрсетіледі. Мұндай қызметтердің саны қарқындап өсуде. 2024 жылдың алғашқы үш айында шартты зейнетақы шоттарын (ШЗШ) (жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарнасын (ЖМЗЖ) аудару нәтижесінде ашылған) және нысаналы жинақтаушы шоттарды (НЖШ - "Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасы шеңберінде) қоса алғанда, зейнетақы жарналарының барлық түрлері бойынша ашылған жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) жалпы саны 3,8 млн-нан асып түсті. Сондай-ақ, автоматты форматта " Ұлттық қор – балаларға "бағдарламасына қатысушылардың нысаналы талаптарын есепке алу және нысаналы жинақтарды алушыларға төлемдер жүзеге асырылуда.

Дата публикации
03 мая 2024