БЖЗҚ-да жеке зейнетақы шоты (ЖЗШ) ашылған күннен бастап кез келген сұралған күнге өзінің зейнетақы жинақтарының жай - күйі туралы ақпарат алу - бұл міндетті зейнетақы жарналары салымшысының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары аударылған жеке тұлғаның, зейнетақы төлемдерін алушының (бұдан әрі - салымшылар (алушылар)) заңмен бекітілген құқығы.
Зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты кез-келген ыңғайлы уақытта БЖЗҚ интернет-ресурсындағы және (немесе) "электрондық үкімет" веб-порталындағы Жеке кабинет арқылы, сондай-ақ, БЖЗҚ-ға жеке жүгінген кезде алуға болады.
БЖЗҚ-да ЖЗШ, шартты зейнетақы шоттарын (ШЗШ) ашқан кезде БЖЗҚ жинақтардың жай-күйі, ШЗШ туралы ақпарат беру тәсілі "әдет бойынша" автоматты түрде "БЖЗҚ интернет-ресурсындағы және (немесе) "электрондық үкімет" веб-порталындағы Жеке кабинет арқылы" және (немесе) Қорға дербес өтініш жасаған кезде болып белгіленеді.
Барлық қолданыстағы ЖЗШ бойынша БЖЗҚ-ның жинақтардың жай-күйі, ШЗШ туралы ақпарат беру тәсілі "әдет бойынша" автоматты түрде "БЖЗҚ интернет-ресурсындағы және (немесе) "электрондық үкімет" веб-порталындағы Жеке кабинет арқылы" тәсілімен толықтырылды.
ШЗШ жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат берілген кезде ол сұраныс жасалған кезең ішінде қолданыста болған барлық шоттар бойынша беріледі.