Ерікті зейнетақы жарналары - зейнетақы капиталын толықтырудың тиімді әдісі

Жинақтаушы зейнетақы жүйесі шеңберінде Қазақстанда жарналардың мынадай түрлері жүзеге асырылады: міндетті (жұмыс беруші ай сайын аударатын жұмыскердің жалақысының 10%), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (жұмыс беруші өз бюджетінен төлейтін зиянды және қауіпті кәсіптер жұмыскерлерінің кірістерінің 5%), сондай-ақ, 2024 жылдан бастап жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ)  1975 жылы және одан кейін туған барлық жұмысшылар үшін (2024 жылы 1,5% - дан, 2028 жылы біртіндеп 5% - ға дейін). Сондай-ақ, жеке және заңды тұлғалар аудара алатын ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бар. Жеке тұлға өзі үшін және (немесе) жақындары үшін өз табысы есебінен, ал заңды тұлғалар – өз қызметкерлерінің және (немесе) үшінші тұлғалардың пайдасына қаражат сала алады. Бұл жарналардың осы түрінің артықшылықтарының бірі.

Ерікті зейнетақы жарналарын екінші деңгейдегі банктер, Қазпошта арқылы, сондай-ақ, жұмыс берушіге өтініш беру жолымен аударуға болады, соның негізінде ол ЕЗЖ мәлімделген адамның пайдасына БЖЗҚ-ға аударатын болады. ЕЗЖ есебінен зейнетақы төлемдерін алу тәртібін алушы БЖЗҚ зейнетақы ережелеріне сәйкес дербес айқындайды.           

             Шарт жасасу және ЕЗЖ бойынша жеке зейнетақы шотын (ЖЗШ) ашу үшін БЖЗҚ кеңсесіне барудың қажеті жоқ. ЕЗЖ есепке алу үшін ЖЗШ алғашқы жарна түскен кезде автоматты түрде ашылады. ЕЗЖ есепке алу үшін ЖЗШ ашу өтінішсіз тәртіппен мынадай негізде жүзеге асырылады:

           - ЕЗЖ аудару кезінде БЖЗҚ-ға агенттер ұсынатын жеке тұлғалардың тізімдері;

           - БЖЗҚ-ға түскен бастапқы жарнаны жеке тұлғадан өз пайдасына немесе ЕЗЖ аудару кезінде үшінші тұлғаның пайдасына.

Дата публикации
02 мая 2024