Аудан әкімінің 2024 жылы Байзақ ауданынының тұрғындарымен кездесулерінде
берілген тапсырмалардың орындалуы бойынша
АҚПАРАТ
|
2024 жылы тапсырма – 19 Орындалғаны – 3 Орындалу үстінде – 16 Орындалмаған – 0 |
|
|
Р/с № |
Іс-шараның атауы |
Іске асыру мерзімі |
Жауапты орындаушылар |
Орындалуы |
|
1 |
Бурыл ауылдық дәрігерлік амбулаторияның жанынан қосымша күндізгі емделушілерге арналған бөлме салу жолдарын қарастыру |
2025 жыл II тоқсан |
Аудан әкімінің орынбасары Д.Жақыпбеков, аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері, Бурыл ауылдық округінің әкімі |
2025 жылы Құмжота ауылынан Орындалды |
|
2 |
Бурыл ауылдық дәрігерлік амбулаторияда қан талдау нәтижесін тапсыратын тиісті лаборанттың жұмысын ұйымдастыру |
2024 жыл I тоқсан |
Аудан әкімінің орынбасары Д.Жақыпбеков, аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері, Бурыл ауылдық округінің әкімі |
Бүгінгі таңда Тараз қаласындағы «Алатау» лабораториясымен келісім-шартқа тұрып, күнделікті лаборант мамандар Бурыл дәрігерлік амбулаториясына келіп, алынған биологиялық материалдарды алып кетуде. Талдау қорытындылары амбулаторияның учаскелік дәрігерлеріне жіберіліп отырады. Орындалды |
|
3 |
Қызыл жұлдыз ауылындағы М.Нұрбаев, К.Мырзақұлов, Қ.Тортаева көшелеріне жаңа асфальт төсеу жолдарын қарастыру |
2025 жыл II тоқсан |
Аудан әкімінің орынбасары Д.Жақыпбеков, аудан әкімдігінің тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, Қызыл жұлдыз ауылдық округінің әкімі |
Қызыл жұлдыз ауылындағы А.Мырзакулов, М.Нурбаев, А.Тортаева көшелеріне орта жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жалпы құны 161,4 млн.теңгені құрайтын жобалық-сметалық құжаттар әзірленген. (А.Мырзакулов 58276709,0; М.Нурбаев 42411293,0; Қ.Тортаева 60756035,0). Жобалар облыстық бюджетті нақтылаудың келесі қарауына ұсынылатын болады. Орындалу үстінде |
|
4 |
Қызыл жұлдыз ауылындағы ауылдық клуб ғимаратының ескі екендігін ескеріп, ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу жолдарын қарастыру |
2025 жыл III тоқсан |
Аудан әкімінің орынбасары Д.Жақыпбеков, аудан әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, Қызыл жұлдыз ауылдық округінің әкімі |
Қызыл жұлдыз ауылындағы ауылдық клуб ғимаратына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін аудан әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі арқылы жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде. Орындалу үстінде |
|
5 |
Қызыл жұлдыз ауылындағы К.Мырзақұлов және М.Нұрбаев көшелердің бойына түнгі жарықтар орнату жолдарын қарастыру |
2024 жыл IV тоқсан |
Аудан әкімінің орынбасары Д.Жақыпбеков, аудан әкімдігінің тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, Қызыл жұлдыз ауылдық округінің әкімі |
К.Мырзақұлов және М.Нұрбаев көшелерінің электр бағаналары, желілері және түңгі жарықтарды ауыстыру үшін жалпы құны 35 млн. теңгені құрайтын жобалық-сметалық құжаттама әзірленген. Қазіргі таңда мемлекеттік сатып конкурсына жариялауға құжаттар әзірленуде. Орындалу үстінде |
|
6 |
Қостөбе ауылы О.Атабекова көшесіндегі жаңадан соғылған үйлерді табиғи газбен қамтамасыз ету жолдарын қарастыру |
2024 жыл ІІІ тоқсан |
Аудан әкімінің орынбасары Д.Жақыпбеков, аудан әкімдігінің тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, «ҚазТрансГазАймақ» АҚ Байзақ газ учаскесі бөлімі, Қостөбе ауылдық округінің әкімі |
Қостөбе ауылы О.Атабекова көшесіндегі жаңа соғылған үйлерге газ құбырын тарту үшін жақын маңдағы газ құбырын анықтауға және жобалық сметалық құжаттама әзірлеуге техникалық шарт (тех.условия) алу үшін «ҚазТрансГазАймақ» АҚ Байзақ газ учаскесі бөліміне тиісті құжаттар әзірленуде. Алдағы уақытта жобалық-сметалық құжаттамалар әзірленіп, аудандық бюджетке бюджеттік өтінім ұсынылатын болады Орындалу үстінде |
|
7 |
Қостөбе ауылында электр жарығының жиі өшуінің себептерін анықтау |
2024 жыл ІІ тоқсан |
Аудан әкімінің орынбасары Д.Жақыпбеков, аудан әкімдігінің тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, Байзақ аудандық электр жүйелерін тарату мекемесі, Қостөбе ауылдық округінің әкімі |
Аудандық электр жүйелерін тарату мекемесі тарапынан 400 метрді құрайтын электр желілері қосымша тартылып, Қостөбе ауылында аулаларға электр жарығы кедергісіз берілуде. Орындалды |
|
8 |
Қостөбе ауылдық округі аумағында орналасқан «Свекловичный» каналының жөндеу жұмыстарын ағымдағы жылдың вегетациялық кезеңі басталғанша жұмыстарды аяқтау
|
2024 жыл ІІ тоқсан |
Аудан әкімінің орынбасары Б.Сағынбеков, аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі, «ҚазСушар» РМК Жамбыл филиалына қарасты Байзак өндірістік бөлімшесі, Қостөбе ауылдық округінің әкімі |
Бүгінгі күнге «Свекловичный» каналдарында құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. «Құрылыс ТЭД» ЖШС тарапынан «Свекловичный» каналының 2,3 шақырымы бетондалып, 2,0 шақырымына лоток қойылды, жоба бойынша 8,77 шақырым. Вегетациялық кезең басталғанға дейін, жөндеу жұмыстары жүріп жатқан учаскелерге лотоктар толық қойылады. Қалған жұмыстар вегетациялық кезең аяқталғаннан кейін жалғасын табатын болады. Орындалу үстінде |
|
9 |
Үлгілі ауылындағы «Медеу» каналына тазалау жұмыстарын жүргізу |
2024 жыл II тоқсан |
Аудан әкімінің орынбасары Б.Сағынбеков, «ҚазСушар» РМКА Байзақ өндірістік бөлімшесі, |
«Құрылыс ТЭД» ЖШС тарапынан «Медеу» каналының 3,4 шақырымы бетондалды, жоба бойынша 3,4 шақырым. Аталған каналдан ағын су алатын шаруа қожалықтар ұйымдастырып, канал ішінің 1 шақырымы тазаланды. Ағымдағы жылы 7 сәуірде тазалау жұмыстары ұйымдастырылады. «Қазсушар» РМК тарапынан шаруашылықтардың сұраныстарына сәйкес вегетациялық кезеңде ағын су берілетін болады. Орындалу үстінде |
|
10 |
Сарыкемер ауылы аумағындағы ауыл шаруашылығы дақылдарын суару мәселесін шешу жолдарын қарастыру |
2024 жыл II тоқсан |
Аудан әкімінің орынбасары Б.Сағынбеков, Аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі, «ҚазСушар» РМКА Байзақ өндірістік бөлімшесі, Сарыкемер ауылдық округінің әкімі |
Сарыкемер ауылының аумағындағы шаруашылықтардың егістік алқаптары «Новомихайловский» каналы арқылы ағын сумен қамтылады. Аталған каналға 2020 жылы ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген. Каналдың аяқ жағында орналасқан алқаптарға ағын су жеткізу үшін, «Қазсушар» РМК тарапынан жер арық тарту жұмыстары атқарылатын болады. Орындалу үстінде |
|
11 |
Сарыкемер ауылындағы жаңа емханаға баратын жолдың бойына тротуар орнату жолдарын қарастыру |
2024 жыл IV тоқсан |
Аудан әкімінің орынбасары Д.Жақыпбеков, аудан әкімдігінің тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, Сарыкемер ауылдық округінің әкімі |
Сарыкемер ауылына жаяу жүргіншілер жолын салуға 30,2 млн. теңгеге жобалау-сметалық құжаттама әзірленген. Қазіргі таңда мемлекеттік сатып конкурсына жариялауға құжаттар әзірленуде.
Орындалу үстінде |
|
12 |
Сарыкемер ауылындағы қаңғыбай иттерді аулау жұмыстарын ұйымдастыру |
2024 жыл І тоқсан |
Аудан әкімінің орынбасары Б.Сағынбеков, «Ветеринариялық қызмет» шаруашылық жүргізу құқығындағы КМК-сі, Сарыкемер ауылдық округінің әкімі |
2024 жылғы ақпан-наурыз айларында Сарыкемер ауылында жалпы 85 қаңғыбас иттер ауланды. Орындалды |
|
13 |
«Қазсушар» РМК теңгеріміндегі «Байбаба» (лоток) каналына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілгенге дейін, шаруа қожалықтардың егістік алқаптарына 2024 жылы ағын су жеткізу үшін жарамсыз лотоктарды ауыстыру жұмыстарын ұйымдастыру |
2024 жыл ІІ тоқсан |
Аудан әкімінің орынбасары Б.Сағынбеков, «Қазсушар» РМК Жамбыл филиалының Байзақ өндірістік бөлімшесі, Мырзатай ауылдық округінің әкімі |
«Байбаба» (лоток) каналына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілгенге дейін, шаруа қожалықтардың егістік алқаптарына 2024 жылы ағын су жеткізу үшін жарамсыз лотоктарды ауыстыру жұмыстары вегетациялық кезең басталғанға дейін «Қазсушар» РМК тарапынан атқарылады. Орындалу үстінде |
|
14 |
«Ауыл аманаты» жобасын Мырзатай ауылдық округіне енгізу бойынша жұмыстар жүргізу |
2024 жыл ІІ тоқсан |
Аудан әкімінің орынбасары Б.Сағынбеков, аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі, Мырзатай ауылдық округінің әкімі |
Ағымдағы жылы «Ауыл аманаты» жобасы 4 ауылдық округте іске асырылады деп жоспарлануда. Бұл үшін Республикалық бюджеттен қаражат күтілуде. Жоғарыда көрсетілген 4 ауылдық округтің ішінде Мырзатай ауылдық округі де бар. Орындалу үстінде |
|
15 |
Сарыкемер – Мырзатай тас жолын күрделі жөндеуден өткізу |
2024 жыл
|
Аудан әкімінің орынбасары Д.Жақыпбеков, аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, Мырзатай ауылдық округінің әкімі |
Сарыкемер-Мырзатай автомобиль жолына орта жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жалпы құны 370,4 млн. теңгені құрайтын жобалық-сметалық құжаттамалар әзірленіп, мемлекеттік сатып алу порталына конкурс жарияланды Орындалу үстінде |
|
16 |
«Ақтөбе» бастауыш мектебіне жапсарлатып асхана құрылысын салу жолдарын қарастыру |
2024 жыл 4 тоқсан |
Аудан әкімінің орынбасары Д.Жақыпбеков, Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Байзақ аудандық білім бөлімі, Сазтерек ауылдық округінің әкімі |
«Ақтөбе» бастауыш мектебіне жанама асхана құрылысы оқушы санының аз болуына байланысты модульдік контейнер (асхана) орнату жұмыстары 2024-2025 оқу жылына дейін орнатылады. Орындалу үстінде |
|
17 |
Абай ауылынан өтетін «Өтеміс» каналына мал өткізу үшін көпір салу және жеке секторға су қақпаларын қою |
2024 жыл 3 тоқсан |
Аудан әкімінің орынбасары Б.Сағынбеков, ҚазСуШар мекемесінің басшысы, Сазтерек ауылдық округі әкімі
|
Қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатқан «Өтеміс» каналынан жеке қосалқы шаруашылық жерлеріне ағын су жіберетін арықтарға су қақпалары жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес орнатылатын болады, «Өтеміс» каналына мал өткізу үшін көпір салу жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес Абай ауылының сыртында орналастырылады. Орындалу үстінде |
|
18 |
Жетібай ауылындағы Казпошта ғимаратына көгілдір отын кіргізу жолдарын қарастыру |
2024 жыл 4 тоқсан |
«Казпошта» Акционерлік қоғамы Жамбыл облысы филиалы аудандық Казпошта байланыс торабы, Жалғызтөбе ауылдық округінің әкімі |
Аудандық газ шаруашылығы мекемесімен Жетібай ауылындағы Казпошта ғимаратын көгілдір отынға қосу үшін шығындары есептелуде. Жоспарға сәйкес 2024 жылғы қараша айына дейін газ жүйесіне қосылатын болады. Орындалу үстінде |
|
19 |
Жетібай ауылындағы үлкен футбол алаңының аумағын қоршап, оның жанынан балалар ойын алаңшасын салу |
2024 жыл 4 тоқсан |
Аудан әкімінің орынбасары Д.Жақыпбеков, аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі, Жалғызтөбе ауылдық округінің әкімі |
Жетібай ауылындағы үлкен футбол алаңының аумағын қоршап, оның жанынан балалар ойын алаңшасын салу үшін жобалау-сметалық құжаттамалары әзірленуде. Орындалу үстінде |