2024 жылдың 2 айында БЖЗҚ салымшыларының таза инвестициялық табысы 343,6 млрд теңге болды

БЖЗҚ салымшыларының жеке және шартты зейнетақы шоттарына есептелген таза инвестициялық табыс БЖЗҚ салымшыларының шоттары 2024 жылдың 2 айында шамамен 343,6 мдрд теңгені болды және өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 139,21 млрд теңгеге немесе 68% - ға асып түсті.

Салымшылардың (алушылардың) шоттарына бөлінген міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен қалыптастырылған БЖЗҚ зейнетақы активтерінің табыстылығы жыл басынан бастап 2024 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша 1,91%  құрады. 2024 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған БЖЗҚ зейнетақы активтерінің табыстылығы - 0,11%.

Инвестициялық табыс қаржы құралдары (бағалы қағаздар, салымдар және басқа операциялар бойынша) бойынша сыйақы түріндегі кірістерден, қаржы құралдарын нарықтық және валюталық қайта бағалаудан, сыртқы басқарудағы активтер бойынша кірістерден және т. б. жинақталады. ҚРҰБ және инвестициялық портфельді басқарушылар (ИПБ) инвестициялық табыс алу мақсатында зейнетақы активтерін экономиканың түрлі секторларының сенімді қаржы құралдарына ҚР-да және шетелде 2h түрлі валюталарда орналастырады. Осындай әртараптандыру есебінен тұрақты инвестициялық кірістілік қамтамасыз етіледі.

Дата публикации
09 апреля 2024