«БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар» 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесі жаңа құрамдауыш – жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарнасымен (ЖМЗЖ) толықтырылды

  1. ЖМЗЖ қандай қаржыдан төленеді? Ол қандай көлемде беріледі және жарнаның мөлшері қалай өзгереді?

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанның жинақтаушы жүйесі жаңа құрамдауыш - жұмыс берушінің зейнетақы жарналарымен (ЖМЗЖ) толықтырылды. Енді әрбір жұмыс беруші БЖЗҚ-ға қызметкердің табысынан міндетті 10 пайыздық жарналардан бөлек, қызметкерлерінің пайдасына өз қаражаты есебінен қосымша жарналар аударуға міндетті. Ерекше атап өтейік: жарналарды төлеу жұмыс берушінің қаражатынан жүзеге асырылады, бірақ олардың мөлшері қызметкердің табысынан есептеледі. 2024 жылы бұл 1,5 пайызды құрайды.  2028 жылға дейін жыл сайын жарна мөлшері 0,5% - ға ұлғайып, 2028 жылы 5% мөлшеріне жетеді:

  • 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап – 1,5 пайыз;
  • 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – 2,5 пайыз;
  • 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап – 3,5 пайыз;
  • 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап – 4,5 пайыз;
  • 2028 жылғы 1 қаңтардан бастап – 5 пайыз.

 

           Маңызды жәйт: ЖМЗЖ тек 1975 жылдың 1 қаңтарынан кейін туылған жұмысшыларға аударылады. Бұл ретте қызметкердің ай сайынғы табысы ең төменгі жалақы мөлшерінен төмен болмауы және ең төменгі жалақының 50 еселенген мөлшерінен аспауы тиіс.

 

Дата публикации
04 апреля 2024