2024 жылдың бірінші айында қызметтердің басым бөлігі автоматты түрде көрсетілді

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ 01.01.2024ж. бастап 01.02.2024ж. дейінгі аралықта халыққа 10,5 млн қызмет көрсетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 4 есе көп. Оның ішінде электрондық форматта - 2 млн. астам, автоматты форматта - 8,3 млн. Күндізгі форматта 115 мыңнан астам қызмет іске асырылып, оның ішінде 107 мыңға жуық қызмет тікелей Қор кеңселерінде көрсетілді. 

2024 жылдың бірінші айында көрсетілетін қызметтер, оның ішінде автоматты режимде көрсетілетін қызметтер санының өсуі Қордың міндеттер ауқымының ұлғаюы мен халыққа көрсететін қызметтер желісінің  кеңеюіне байланысты. 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарнасы (ЖМЗЖ) енгізілгені белгілі. Осыған байланысты, агент БЖЗҚ-ға "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы ЖМЗЖ есепке алу үшін берген жеке тұлғалар тізімі негізінде МЗЖ аудару кезінде шартты зейнетақы шоттары (ШЗШ) автоматты түрде ашылады. 2024 жылдың қаңтар айында осындай 269 мың шот ашылды.

Сондай-ақ, ағымдағы жылдың қаңтар айында БЖЗҚ ақпараттық жүйесіне "Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасы аясында есепті жылдағы нысаналы талаптардың сомасы және 6 919 131 Нысаналы талапқа қатысушы (НТҚ) бойынша инвестициялық табыс сомасы туралы деректер енгізілді. Оның ішінде 18 жасқа 2024 жылы толатын немесе толған қазақстандықтар үшін 304 815 нысаналы жинақтау шоты (НЖШ) автоматты түрде ашылды.

Дата публикации
13 марта 2024