Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы

Жамбыл облысы, Байзақ ауданының

Әкімдігі Қаулы

 6  ақпан 2024 ж.  №43

  

Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға

байланысты жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы

Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 84,85,86-баптарын,  «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-тарауын,  «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31, 37-баптарын басшылыққа ала отырып, Тараз қаласы әкімінің 2023 жылғы 10 қазандағы №3456//01-6502 хаты негізінде, Байзақ ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 

  1. Тараз қаласы Асқаров көшесінің соңындағы алқапқа ауқымдағы тұрғын ауданын орналастыру үшін су жүйелерінің құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін (су жүйесі) Байзақ ауданы, Қызыл жұлдыз ауылының аумағында төмендегі жер пайдаланушылар мен меншік иелерінің жер учаскелерін мемлекет мұқтажына мәжбүрлеп иеліктен шығару жұмыстары басталсын:

1) Алденов Нурхат Кайратулы уақытша  қысқа мерзімге 3 жылға жалға өтеулі жер пайдалану  құқығы берілген  Байзақ ауданы, Қызыл жұлдыз ауылы, Алатау көшесі №25 мекен жайдағы өзіндік қосалқы шаруашылығын жүргізу үшін , жалпы көлемі 0,10 гектар жер учаскесі (кадастрлық нөмірі 06-087-105-031);

2) Сейітжапар Әбдуәлі Болатханұлы уақытша  қысқа мерзімге 3 жылға жалға өтеулі жер пайдалану  құқығы берілген  Байзақ ауданы, Қызыл жұлдыз ауылы, Алатау көшесі №23 мекен жайдағы өзіндік қосалқы шаруашылығын жүргізу үшін, жалпы көлемі 0,10 гектар жер учаскесі (кадастрлық нөмірі    06-087-105-030);

3) Ибрагимов Куанышбек Алибекович  жеке меншік құқығындағы  Байзақ ауданы, Қызыл жұлдыз ауылы, Алатау 1-бұрылысы көшесі №21 мекен жайдағы өзіндік қосалқы шаруашылығын жүргізу үшін, жалпы көлемі 0,10 гектар жер учаскесі (кадастрлық нөмірі 06-087-105-028);

4) Куралбаева Арша Алибековна  уақытша  қысқа мерзімге 3 жылға жалға өтеулі жер пайдалану  құқығы берілген  Байзақ ауданы, Қызыл жұлдыз ауылы, Алатау көшесі №19 мекен жайдағы өзіндік қосалқы шаруашылығын жүргізу үшін, жалпы көлемі 0,10 гектар жер учаскесі (кадастрлық нөмірі    06-087-105-027);

5)  Алипбаева Айсулу Иманбаевна  уақытша  қысқа мерзімге 3 жылға жалға өтеулі жер пайдалану  құқығы берілген  Байзақ ауданы, Қызыл жұлдыз ауылы, Алатау көшесі №15 мекен жайдағы өзіндік қосалқы шаруашылығын жүргізу үшін, жалпы көлемі 0,10 гектар жер учаскесі (кадастрлық нөмірі 06-087-105-029);

  1. Мәжбүрлеп иеліктен шығару күні жер учаскесінің жер пайдаланушылардың мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы хабарлама алған кезден үш айдан кейін және 2025 жылдың 01 ақпанға дейін деп айқындалсын.
  2. Мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың келісім рәсімдерін жүзеге асыру жер пайдаланушылардың жүгінетін орны «Байзақ ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, мекен-жайы Сарыкемер ауылы, Медеулов көшесі №33 үй, байланыс телефондары 2-24-63, 2-28-20 деп көрсетілсін.
  3.   «Байзақ ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне (Е. Турсынбек):

         1) Жер пайдаланушымен келіссөздерді немесе жер учаскесін сатып алу бойынша келісім шарттарды жүргізу, жер учаскесінің орнына тең бағалы жер учаскесін беру туралы және бағалау бойынша іс-шараларын ұйымдастыру мен жер учаскесін сатып алу туралы келісім шарттарындағы  көрсетілген  қаражаттарды уақытылы аудару тапсырылсын.

         2) Осы қаулы қабылданған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жергілікті бұқаралық құралдарға жариялансын.

3) Мемлекет мұқтажы үшін алып қойылатын жер учаскесінің меншік  иесі  мен жер пайдаланушылары осы каулымен келіспеген жағдайда, жер пайдаланушы хабарлама алған кезден бастап 3 (үш) ай  өткеннен кейін (бірақ қаулыда айқындалған мәжбүрлеп иеліктен шығаруды жүзеге асыру мерзімінен кешіктірмей) жергілікті атқарушы органға жер учаскесін мемлекет мұқтажына алып қоюға байланысты жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы талап-арызбен сотқа жүгіну туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілсін.

4) Осы қаулыдан туындаған басқа да шаралар орындалуын қамтамасыз ету.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Болат Мырзаханұлы Сағынбековке жүктелсін.                                

         Аудан әкімі                                                                Б. Қазанбасов

Дата публикации
09 февраля 2024