Рекомендации по устранению выявленных недостатков

Байзақ ауданы Байзақ ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі жүргізілген ішкі бақылау жұмыстары барысында анықталған

кемшіліктерді жою бойынша

ҰСЫНЫСТАР

 

Байзақ ауданы әкімінің 2023 жылғы 20 желтоқсанындағы №120-Н/Қ өкімімен бекітілген жоспарына сәйкес, мемлекеттік көрсетілетін қызмет саласында ішкі бақылау жұмыстарында анықталған кемшіліктерді жою бойынша келесінін ҰСЫНАМЫН:

             1) Анықталған бұзушылықтарды алдағы уақытта болдырмауға және жауапты қызметкерлерге түсіндірме жұмыстарын жүргізуге бағытталған іс-шара жоспарын бекіту (5 жұмыс күнінің ішінде);

             2) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге сәйкес, көрсетілетін қызметті берушімен мемлекеттік қызметті көрсету тәртібін сақтау және жұмыс мерзімін сақталуын бақылауға алу;

             3) Р.Құдайбергенованың мемлекеттік қызметтер көрсету саласы бойынша біліктілігін арттыру үшін тиісті қаржының бөлінуін ұйымдастырып, 2024 жылы
І жартыжылдығына аталған салада курстардан өту кестесіне енгізу;

             4) Бұзушылыққа жол берген қызметшілердің тәртіптік жауапкершілігін қолданыстағы заңнамаға сәйкес қарау.

              5) Атқарылған жұмыстар туралы ақпаратты ағымдағы жылдың
20 ақпанына дейінгі мерзімде аудан әкімі аппаратына жолдауды тапсырамын.

 

 

                                                                                              Е.Заурбеков

Дата публикации
02 февраля 2024