ІШКІ БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗУ АКТІСІ

ІШКІ БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗУ АКТІСІ

 

Сарыкемер ауылы

№2

26.01.2024 жыл

 

 

 

 

  1. Бақылау және қадағалау органының атауы: «Байзақ ауданы әкімінің аппараты» КММ (бұдан әрі аппарат), Сарыкемер ауылы, Байзақ батыр көшесі №107, 000440004234
  2. Бақылауды жүргізген адамның (адамдардың), әкесінің аты және лауазымы: Байзақ ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік құқықтық бөлімшесінің бас инспекторы Әлиева Ұлпан Артыққызы.
  3. Бақылауды тағайындау туралы бұйрықтың күні мен нөмірі, негізі: 17.01.2024 ж. № 01 бұйрық
  4. Бақылау жүргізілген күні, орны және кезеңі:

01.01.2023 ж. – 31.12.2023 ж. аралығындағы кезеңге ішінара бақылау жұмыстары.

  1. Бақылау және қадағалау субъектісінің атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты, жоспардан тыс тексеруді жүргізу кезінде қатысқан жеке немесе заңды тұлға өкілінің лауазымы, БСН нөмірі, орналасқан мекенжайы: «Байзақ ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» КММ (бұдан әрі- бөлім) Сарыкемер ауылы, Байзақ батыр көшесі №104, БСН 05024008106, бөлім басшысы Қ.Тайлақбаев, зерделеу кезінде қатысқан бас маман Р.Құдайбергенова.
  2. Қазақстан Республикасының заңнамалары мен өзге нормативтік-құқықтық актілерінің талаптарын бұзғаны үшін (Кәсіпкерлік Кодекстің
    152-1-бабының 3-тармағын ескере отырып) келесі шараларды орындау үшін нұсқама енгізіледі
    :

1) Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілген, өзгертілген немесе толықтырылған күннен бастап, оны көрсету тәртібі туралы ақпаратты "электрондық үкіметтің" веб-порталында және мемлекеттік органның интернет-ресурсында үш жұмыс күн ішінде ақпаратты өзектендіру мерзімін сақтау

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 23 бабы 2 тармағына сай, Орталық мемлекеттік органдар, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері және көрсетілетін қызметті берушілер мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық акт бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оны көрсету тәртібі туралы ақпаратты жаңартады және біріңғай байланыс орталығына жібереді.

Бөліммен ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мемлекеттік қызметі «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы»Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығымен көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы жұмыскерлердің біліктілігін арттырғандығы, сондай-ақ мүгедектермен қарым-қатынас жасау дағдыларын үйренгендігі жөнінде дәлелді құжаттардың (сертификаттар, дипломдар және басқа) болуы

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңның (бұдан әрі – Заң) 5-бабының 2-тармағының 6) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті берушілер мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы жұмыскерлердің біліктілігін арттыруға, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі азаматтармен қарым-қатынас жасау дағдыларына үйретуге міндетті.

Бөлімнің мемлекеттік қызметтерді көрсету жауапкершілігі 2022 жылғы 01 тамыздағы 52 –Н/Қ «Байзақ ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекіту туралы» бұйрығының (бұдан әрі- Бұйрық) 3.1.3 тармағына сәйкес бөлімнің бас маманы Ж.Үсенбаеваға жүктелген. Сондай-ақ, аталған Бұйрықпен бас мамандар Ж.Үсенбаева мен Р.Құдайбергенованың өзара алмасымдылығы қарастырылған. Бұл ретте, бақылау жүргізу барысында анықталғандай, бас маман Ж.Үсенбаева 2023 жылғы 01 тамыздағы 52 –Н/Қ бұйрығына сәйкес жүктілікке және босануға байланысты демалысқа шығуына байланысты, лауазымдық нүсқаулықтың 1.4 тармағына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету міндеті бас маман Р.Құдайбергеноваға тиесілі.

Р.Құдайбергенова мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы біліктілігін арттыру курстарынан өтпеген.

Бөлімде мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға ғимаратта ыңғайлы жағдай жасалынған.

 

Бұзушылықтар саны -1

Бұзушылық дәрежесі: Елеусіз

 

Көрсетілетін қызметті берушімен мемлекеттік қызметті көрсету тәртібін сақтау

«Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы»Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығының 6 тармағына сәйкес ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы алдағы кезеңге Тізбе қалыптастырады, ол бір жұмыс күні ішінде аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылады және "Отбасы банк" тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" акционерлік қоғамына (бұдан әрі – сенім білдірілген өкіл (агент) мәлімет үшін ұсынылады делінген. 2023 жылдың 29 желтоқсанында «Байзақ ауданы әкімдігінің 2024 жылға сұранысқа ие мамандықтардың тізбесін бекіту туралы №386 қаулысы шыққан. Бақылау жұмыстарын жүргізу барысында бір жұмыс күнінің ішінде аудан әкімінің интернет ресурсында орналастырылмағандығы анықталды.

 

Бұзушылықтар саны -1

 

 

Бұзушылық дәрежесі: Өрескел

 

Көрсетілетін қызметті берушімен жұмыс мерзімін сақтау

Сенімгер мен сенім білдірілген өкіл арасындағы 2023 жылдың
7 тамызындағы №07-068-2023-228 тапсырма шартының 5.1.6 тармақшасына сәйкес қызмет алушыға бюджеттік кредит беру туралы шешім қаулысы қабылданған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде Сенім білдірілген өкілге (агентке) әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну үшін бюджет қаражатын аудару керектігі қарастырылған.

Бақылау жұмыстарын жүргізу барысында 2023 жылдың 07 тамызы күнгі Байзақ ауданының әкімдігінің «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген мамандарға бюджеттік несие беру туралы» №252 қаулысы қабылданған. Алайда көрсетілетін қызметті беруші екі жұмыс күніне кешіктіріп, яғни 2023 жылдың 11 тамызында қызметті алушылардың есеп шоттарына аударымдар жүргізген.

Бұзушылықтар саны -1

 

 

Бұзушылық дәрежесі: Өрескел

 

 

Анықталған бұзушылықтар жою бойынша ұсынымдар мен нұсқаулар:

             - Анықталған бұзушылықтарды алдағы уақытта болдырмауға және жауапты қызметкерлерге түсіндірме жұмыстарын жүргізуге бағытталған іс-шара жоспарын бекіту;

             - Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге сәйкес, көрсетілетін қызметті берушімен мемлекеттік қызметті көрсету тәртібін сақтау және жұмыс мерзімін сақталуын бақылауға алу;

- Р.Құдайбергенованың мемлекеттік қызметтер көрсету саласы бойынша біліктілігін арттыру үшін тиісті қаржының бөлінуін ұйымдастырып, 2024 жылы І жартыжылдығына аталған салада курстардан өту кестесіне енгізу;

          - Бұзушылыққа жол берген қызметшілердің тәртіптік жауапкершілігін қолданыстағы заңнамаға сәйкес қарау.

 

Бұзушылықтарды жою мерзімдері: 2024 жылдың 20 ақпанына дейін.

 

Ескерту:Кәсіпкерлік Кодекстің 152-бабының 9-тармағына сәйкес анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада белгіленген бұзушылықтарды жою мерзімі өткеннен кейін бақылау және қадағалау субъектісі анықталған бұзушылықтарды жою туралы ақпаратты нұсқамада белгіленген мерзім ішінде тексеруді жүргізген бақылау және қадағалау органына беруге міндетті.

Аталған баптың 10-тармағының екінші бөлігіне сәйкес ақпарат берілмеген жағдайда бақылау және қадағалау органы осы Кодекстің 144-бабы 3-тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес жоспардан тыс тексеруді тағайындауға құқылы.

 

Нұсқаманы енгізген:

 

Байзақ ауданы әкімі аппаратының

мемлекеттік құқықтық бөлімшесінің

бас инспекторы                                                                  Ұ.Әлиева

 

Нұсқамамен таныстым және

екінші данасын алдым:

 

Байзақ аудан әкімдігінің

экономика және бюджеттік

бөлімінің басшысы                                                            Қ.Тайлақбаев

 

Байзақ аудан әкімдігінің

экономика және бюджеттік

бөлімінің бас маманы                                                                 Р.Құдайбергенова

 

ҚР Мемлекеттік қызмет істері

Агенттігінің Жамбыл облысы

бойынша департаментінің бас маманы                                   Г.Сейдуалиева

Дата публикации
02 февраля 2024