АКТ ПРОВЕДЕНИЯ ВНУТРЕННЕГО КОНТРОЛЯ

ІШКІ БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗУ АКТІСІ

 

Көкбастау ауылы

№ 1

                          25.01.2024 жыл

 

  1. Бақылау және қадағалау органының атауы: «Байзақ ауданы әкімінің аппараты» КММ (бұдан әрі аппарат), Сарыкемер ауылы, Байзақ батыр көшесі №107, 000440004234
  2. Бақылауды жүргізген адамның (адамдардың), әкесінің аты және лауазымы: Байзақ ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік құқықтық бөлімшесінің бас инспекторы Әлиева Ұлпан Артыққызы.
  3. Бақылауды тағайындау туралы бұйрықтың күні мен нөмірі, негізі: 17.01.2024 ж. № 01 бұйрық
  4. Бақылау жүргізілген күні, орны және кезеңі:

01.01.2023 ж. – 31.12.2023 ж.аралығындағы кезең қамтыла отырып,
2024 жылдың осы кезеңіне дейінгі аралықтағы ішінара бақылау жұмыстары.

  1. Бақылау және қадағалау субъектісінің атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты, жоспардан тыс тексеруді жүргізу кезінде қатысқан жеке немесе заңды тұлға өкілінің лауазымы, БСН нөмірі, орналасқан мекенжайы: «Бәйтерек ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ (бұдан әрі ауылдық округ) Көкбастау ауылы, І.Шалбайұлы көшесі №72, БСН 130740002572, округ әкімі Қ.Жұманов, ауылдық округте мемлекеттік қызмет көрету саласына жауапты мамандар М.Балмұрзаев, Б.Өксікбаева.
  2. Қазақстан Республикасының заңнамалары мен өзге нормативтік-құқықтық актілерінің талаптарын бұзғаны үшін (Кәсіпкерлік Кодекстің
    152-1-бабының 3-тармағын ескере отырып) келесі шараларды орындау үшін нұсқама енгізіледі
    :

1) Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілген, өзгертілген немесе толықтырылған күннен бастап, оны көрсету тәртібі туралы ақпаратты "электрондық үкіметтің" веб-порталында және мемлекеттік органның интернет-ресурсында үш жұмыс күн ішінде ақпаратты өзектендіру мерзімін сақтау

 

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 23 бабы 2 тармағына сай, Орталық мемлекеттік органдар, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері және көрсетілетін қызметті берушілер мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық акт бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оны көрсету тәртібі туралы ақпаратты жаңартады және біріңғай байланыс орталығына жібереді.

Бәйтерек ауылдық округі әкімінің аппаратымен «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру», "Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру", «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу», «Жер учаскесін жекеменшікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату», «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою» мемлекеттік қызметтері (ҚР ауылшаруашылығы министрлігінің 1.10.2020 жылғы №301 бұйрығымен бекітілген) көрсетіледі. Заң бұзушылықтар анықталмады.

 

Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы жұмыскерлердің біліктілігін арттырғандығы, сондай-ақ мүгедектермен қарым-қатынас жасау дағдыларын үйренгендігі жөнінде дәлелді құжаттардың (сертификаттар, дипломдар және басқа) болуы

 

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңның (бұдан әрі – Заң) 5-бабының 2-тармағының 6) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті берушілер мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы жұмыскерлердің біліктілігін арттыруға, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі азаматтармен қарым-қатынас жасау дағдыларына үйретуге міндетті.

Ауылдық округі әкімінің аппаратында 2023 жылдың 4 шілде күнгі «Байзақ ауданы Бәйтерек ауылдық округі әкімі аппаратының » коммуналдық мемлекеттік мекемесінің №18-ө ж/қ өкіміндегі лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес М.Балмұрзаевқа, Б.Өксікбаеваға мемлекеттік көрсетілетін қызметтермен айналысу міндеттері жүктелген.

 

Аталған жауапты тұлғалар мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы біліктілігін арттыру курстарынан өтпеген.

 

Бұзушылықтар саны – 2

 

Бұзушылық дәрежесі: Елеусіз

Анықталған бұзушылықтар жою бойынша ұсынымдар мен нұсқаулар:

- М.Балмұрзаев, Б.Өксікбаеваның мемлекеттік қызметтер көрсету саласы бойынша біліктілігін арттыру үшін тиісті қаржының бөлінуін ұйымдастырып, 2024 жылы І жартыжылдығына аталған салада курстардан өту кестесіне енгізу;

- Ауыл тұрғындарына өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы көретілетін қызметтер туралы түсіндірме жұмыстарын жүргзу.

Бұзушылықтарды жою мерзімдері: 2024 жылдың 20 ақпанына дейін.

 

Көрсетілетін қызметті алушыларға берушімен мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы толық және анық ақпаратты ұсыну

 

Заң бұзушылықтар анықталмады.

 

Көрсетілетін қызметті берушімен мемлекеттік қызметті көрсету тәртібін сақтау

 

Заң бұзушылықтар анықталмады.

                                                                   

        

 

 

Ескерту: Кәсіпкерлік Кодекстің 152-бабының 9-тармағына сәйкес анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада белгіленген бұзушылықтарды жою мерзімі өткеннен кейін бақылау және қадағалау субъектісі анықталған бұзушылықтарды жою туралы ақпаратты нұсқамада белгіленген мерзім ішінде тексеруді жүргізген бақылау және қадағалау органына беруге міндетті.

Аталған баптың 10-тармағының екінші бөлігіне сәйкес ақпарат берілмеген жағдайда бақылау және қадағалау органы осы Кодекстің 144-бабы

3-тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес жоспардан тыс тексеруді тағайындауға құқылы.

Нұсқаманы енгізген:

 

 

Байзақ ауданы әкімі аппаратының

мемлекеттік құқықтық бөлімшесінің

бас инспекторы                                                                        Ұ.Әлиева

 

Нұсқамамен таныстым және

екінші данасын алдым:

 

 

Бәйтерек ауылдық

округінің әкімі                                                                        Қ.Жұманов

 

 

Бәйтерек ауылдық

округі әкімі аппаратының бас маманы                                       М.Балмұрзаев

 

 

Бәйтерек ауылдық

округі әкімі аппаратының бас маманы                                       Б.Өксібаева

 

 

ҚР Мемлекеттік қызмет істері

Агенттігінің Жамбыл облысы

бойынша департаментінің бас маманы                                   Г.Сейдуалиева

Дата публикации
02 февраля 2024