«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының «Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларын бекіту туралы» №78 бұйрығына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- 2024жылдың қаңтар айында осы бұйрықтың қосымшасында қарастырылған мемлекеттік мекемелерге 2023 жылдың өткен кезеңінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасына ішкі мемлекеттік бақылауіс-шаралары жүргізілсін.
- Ішкі мемлекеттік бақылау іс-шаралары жүргізілетін нысандардың тізімі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
- Ішкі мемлекеттік бақылау іс-шараларын жүргізу Байзақ ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік құқықтық бөлімшесінің бас инспекторы
Әлиева Ұлпан Артыққызына жүктелсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Негіз: Байзақ ауданы әкімінің 2023 жылғы 20 желтоқсандағы №120-Н/Қөкімімен бекітілген жоспар.
Аппарат басшысы Е.Заурбеков