Аудан әкімінің 2023 жылы Байзақ ауданынының тұрғындарымен кездесулерінде берілген тапсырмалардың орындалуы бойынша ақпарат (ІІІ тоқсан)

2023 жылы тапсырма – 33

Орындалғаны – 11

Орындалу үстінде – 21

Орындалмаған – 1

 

 

Р/с №

Іс-шараның атауы

Іске асыру мерзімі

 Жауапты орындаушылар

Орындалуы

1.              

Құмжота ауылындағы Талас көшесіне асфальт жабындысын төсеу жолдарын қарастыру

2024 жыл

ІV тоқсан

Аудан әкімінің орынбасары Д.Жақыпбеков, аудан әкімдігінің тұрғын-үй коммуналдық шараушылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, Бурыл ауылдық округінің әкімі

Құмжота ауылындағы Талас көшесіне асфальт жабындысын төсеу үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, аудан әкімдігінің экономика және бюджетті жоспарлау бөліміне бюджеттік өтінім берілді.

        Тапсырма орындалу үстінде

2.              

Көктал ауылы ОША массивінің батыс бөлігінде электр қуаты төмен болуына байланысты. Қосымша электр трансформатор орнату жолдарын қарастыру

2023 жыл

ІV тоқсан

Аудан әкімінің орынбасары Д.Жақыпбеков, аудандық электр жүйелерін тарату мекемесі, Көктал ауылдық округінің әкімі

Көктал ауылы ОША массивінің батыс бөлігіндегі трансформаторға ағымды жөндеу жұмыстары жүргізіліп, электр қуатының деңгейі көтерілді.

                   Тапсырма орындалды

3.              

Көктал ауылы ОША массивіндегі көшелерге түнгі көше жарығын орнату жолдарын қарастыру

2023 жыл

ІV тоқсан

Аудан әкімінің орынбасары Д.Жақыпбеков, аудан әкімдігінің тұрғын-үй коммуналдық шараушылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі, Көктал ауылдық округінің әкімі

Көктал ауылы ОША массивіндегі көшелерге түнгі көше жарығы орнатылды.

                  

 

                  Тапсырма орындалды

 

Аудан әкімінің 2023 жылы Байзақ ауданынының тұрғындарымен кездесулерінде берілген тапсырмалардың орындалуы бойынша ақпарат (ІІІ тоқсан)
Дата публикации
15 января 2024