Байзақ ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі хабарламасы
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сататын кәсіпорындарға
«Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларын беру шарттарын жасасу кезінде шектi сауда үстемесiнiң мөлшерi мiндеттi түрде белгiленуге тиiс. Осы талап бұзылып жасалған мәмiле жарамсыз болады.
Шекті сауда үстемесінің жол берілетін мөлшері өндірушінің босату бағасының немесе көтерме сауда берушінің сатып алу бағасының
он бес пайызынан аспайды. 9-баптың 2-тармағының бірінші бөлігіне сәйкес белгіленетін, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшері асып кеткен кезде ішкі сауда субъектісі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ҚР СДМ Жамбыл облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті тарапынан айыппұл салынатын болады.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 204 4-бабы - ішкі сауда субъектісінің сауда қызметін реттеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ӘМАТ-қа сауда үстемесінің мөлшерін асыруы – ескерту жасауға әкеп соғады, бір жыл ішінде қайталап асырып жібергені үшін - шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 10 АЕК мөлшерінде, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - 75 АЕК мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін - 300 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына мыналар жатады:
|
ақ қант– құмшекер |
493 тг. |
күнбағыс майы |
852 тг. |
|
бірінші сортты бидай ұны |
236 тг. |
тауық еті (сан сүйек және іргелес жұмсақ еті бар сан жілігі) |
1267 тг. |
|
бірінші сортты ұннан жасалған бидай наны (пішінді) |
182 тг. |
сиыр еті (сүйекті жауырын-төс бөлігі) |
2415 тг. |
|
рожки (өлшеніп салынатын) |
375 тг. |
майлылығы 2,5% жұмсақ қаптамадағы айран |
509 тг. |
|
қарақұмық жармасы (дән, өлшеніп салынатын) |
364 тг. |
сары май (тұздалмаған, майлылығы 72,5 %-дан кем емес, толтырғыштар мен өсімдік майлары жоқ) |
5391 тг. |
|
тазартылған күріш (домалақ дәнді, өлшеніп салынатын) |
565 тг. |
тауық жұмыртқасы (I санатты) |
602 тг (10 данасы) |
|
картоп |
160 тг. |
ас тұзы |
73 тг |
|
сәбіз |
193 тг. |
сүзбе: майлылығы 5 – 9 % |
2226 тг |
|
пияз |
113 тг. |
|
|
|
ақ қауданды қырыққабат |
170 тг. |
|
|
Осыған байланысты, шарттар жасасу және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сату кезінде сіздің кәсіпорыныңыздан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сатып алу үшін рұқсат етілген сауда үстемесінің мазмұны бар тармақты қарастыру қажет екенін хабарлаймыз.
Байзақ ауданы тұрғындарының назарына!!!
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағаларының шекті бағасын назарларыңызға ұсына отырып, сіздің елді мекеніңізде жоғарыда көрсетілген азық-түлік тауарларының қымбат бағада сатылу жағдайы анықталған жағдайда Байзақ ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Қанат Рысбайұлы Телеуовке хабарласуларыңызға және Байзақ ауданы Сарыкемер ауылы Байзақ батыр көшесі №105 мекен жайға өтінішпен қайырылуларыңызға болатындығын назарларыңызға жеткіземіз.