Сарыкемер ауылы «___» ___________ 2023 жыл
«Байзақ ауданында жиналыстар, митингілер, демонстрациялар, шерулер мен пикеттерді өткізуге арналған арнайы орындарды белгілеу және оларды пайдалану тәртібі туралы» Байзақ аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 маусымдағы №67-11 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабына, «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 8-бабының 2-тармақ 2) тармақшасына сәйкес, Байзақ аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
көрсетілген шешімнің қосымшасындағы «150» саны «800» санына өзгертілсін.
2.«Байзақ аудандық мәслихатының аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Жамбыл облысының Әділет департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Байзақ аудандық мәслихатының интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасызетсін.
3.Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық
мәслихат төрағасы Б.Ақбаев