«Ұлттық қор – балаларға» жобасы: оған баланың қатысуы үшін заңды өкілдеріне не істеу керек?

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша "Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасын іске қосу жоспарланып отыр. Оның аясында Қазақстанның барлық кәмелетке толмаған азаматтарына жыл сайын Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының (бұдан әрі – Ұлттық қор) инвестициялық кірісінің 50% есептелетін болады. Оған қоса, балаларға өткен жылдары есептелген сомалар Ұлттық қор активтерінің құрамында инвестициялануын жалғастыратын болады. Нәтижесінде оларға қосымша инвестициялық кіріс есептеледі.

2006 жылы және одан кейін туылған, оның ішінде қорғаншылық/қамқоршылық тағайындалған балалардың заңды өкілдері "Ұлттық қор –балаларға" бағдарламасына қатысуды кепілді түрде қамтамасыз ету үшін бүгін не істей алады:

 1) баланың жеке басын куәландыратын құжатты (балалардың азаматтығын айқындау үшін), оның ішінде жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) алу;

2) баланың деректемелерінің бар-жоғын және олардың дұрыстығын тексеру: кәмелетке толмаған адамның Т.А.Ә., туған күні, ЖСН, азаматтығы;

3) "электрондық үкімет" веб-порталындағы Жеке кабинетінің "Балалар туралы мәліметтер" бөлімінде өзінің балалары туралы мәліметтердің бар-жоғын тексеруге тиіс.

 

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (бұдан әрі – БЖЗҚ) нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды (міндеттемелерді), нысаналы жинақтау шоттарындағы (бұдан әрі - НЖШ) нысаналы жинақтарды есепке алу, нысаналы жинақтар төлемін жүзеге асыру жөніндегі оператор ретінде айқындалды.

Мақсатты талаптар мен мақсатты жинақтарды есепке алу АҚШ долларымен жүргізіледі.

Дата публикации
09 января 2024