БЖЗҚ 01.01.2024 жылдан бастап қолданыстағы жинақтаушы жүйе жаңа шартты-жинақтаушы құрамдауыш - жұмыс берушінің зейнетақы жарналарымен (ЖМЗЖ) толықтырылатынын еске салады.
ЖМЗЖ агенттің, өзге де ақылы жұмысы бар адамдардың (сайланған, тағайындалған немесе бекітілген) өз қаражаты есебінен 1975 жылғы 1 қаңтардан кейін туған жұмыскерлер үшін ғана аударылатын болады. ЖМЗЖ шамасы ЖМЗЖ есептеу үшін қабылданатын қызметкердің ай сайынғы табысынан белгіленеді:
Бұл ретте қызметкердің ЖМЗЖ есептеу үшін қабылданатын ай сайынғы табысы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі жалақының мөлшерінен кем болмауы және республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі жалақының 50 еселенген мөлшерінен аспауы тиіс.