"БЖЗҚ" АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) шамамен 1 млн отандасымыздан 3,7 трлн теңгеден асатын сомаға тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және (немесе) емделу ақысын төлеуге берілген 1,9 млн астам өтінішін орындады. Естеріңізге сала кетейік, зейнетақы жинақтарын салымшылар (алушылар) тұрғын үйге, емделуге немесе инвестициялық портфельді басқарушыларға (бұдан әрі – ИПБ) аударуға БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтарының қолжетімді сомасы шегінде бірнеше рет пайдалана алады.
Тұрғын үйге
2021 жылғы қаңтардан бастап 2023 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша БЖЗҚ салымшылардың (алушылардың) тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін зейнетақы жинақтарын пайдалануға берген 1 436 073 өтінішін орындады. Қазақстандықтардың уәкілетті оператор-банктерде ашылған арнайы шоттарына БЖЗҚ 3,3 трлн теңгеден аса қаржы аударды. Біржолғы зейнетақы төлемдерінің орташа сомасы 2,3 млн теңгеден асатын сомаға тең.