2024 жылдың 1 қаңтарына аудандық бюджеттің кірістері 15 млрд. 143,1 млн.теңге сомасында немесе 100,9%-ке қамтамасыз етілді, бюджетке 134,1 млн.теңге артық түсті.
Жалпы кірістердің 22,2%-ін меншікті кірістер, 15,8%-ін облыстық бюджеттен берілген ағымдағы нысаналы трансферттер, 37,0%-ін нысаналы даму трансферттері мен 25,0%-ін облыстық бюджеттен алынған субвенциялар құрады.
Аудандық бюджеттің меншікті кірістерінің жоспары 134,1 млн.теңгеге немесе 104,1%-ке орындалды.
Жоспардағы салықтық түсімдер 103,5 млн.теңге сомасында немесе 103,3%-ке, салықтық емес түсімдер 20,4 млн.теңгеге немесе 135,9%-ке, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 10,2 млн.теңгеге немесе 112,6%-ке қамтамасыз етілді.
Есепті жылда аудандық бюджетке 11 млрд 770,9 млн.теңге сомасындамасында трансферттер түсті, оның ішінде 3 млрд 785,1 млн.теңге сомасында субвенция, 2 млрд 388,7 млн.теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферттері және 5 млрд 597,1 млн.теңге сомасында нысаналы даму трансферттері алынды