Жергілікті атқарушы органдарының 2023 жылдың IV тоқсанында көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша қысқаша есебі

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес Байзақ ауданының жергілікті атқарушы органдарымен (ары қарай - ЖАО)
52 мемлекеттік қызмет түрі (кіші қызмет түрімен қосқанда 96) көрсетіледі.

Оның ішінде:

  • Электрондық түрде –42 қызмет(43,8%);
  • Қағаз түрінде – 3 қызмет (3,1%);
  • қағаз түрінде (баламалы) – 51 қызмет (53,1%).

2023 жылдың IV тоқсан қорытындысы бойынша аудандағы жергілікті атқарушы органдармен 117 мемлекеттік қызметтер көрсетілген.

Оның ішінде:

  • электронды түрде– 0қызмет (0%);
  • қағаз түрінде–4 қызмет (3,3%);
  • қағаз түрінде (баламалы) –113 қызмет (96,7 %).

Осы мерзімде жергілікті атқарушы органдардың қызмет берушілері
дәлелді бас тартулар орын алған жоқ.

2023 жылдың IV тоқсанында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге шағым түспеген.

Мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтер орын алмады.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша
11 түсіндірме іс-шаралар жүргізіліп (насихаттау, семинар-кеңестер, БАҚ-та жариялау, бейнероликтер) 21281 халық қамтылды.

Есепті кезеңде мемлекеттік қызметтер саласында біліктілікті арттыру курстарынан 1 мемлекеттік қызметкер өткен.

Байзақ ауданы жергілікті атқарушы органдарының

2023 жылдың IV тоқсанында

көрсетілген мемлекеттік қызметтерінің сапасын

ішкі бақылау бойынша есебі

 

Байзақ ауданы жергілікті атқарушы органдарының ішкі бақылау жұмысына жауапты қызметкерлері бекітілген жоспарға сәйкес, есепті кезеңде аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен Түймекент- ауылдық округіне ішкі бақылау жұмыстары жүргізілді.

Нәтижесінде 10 бұзушылықтар анықталды және 6 ұсыныс беріліп, толығымен орындалды.

Бақылау іс-шаралары ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша аумақтық департаментінің сарапшыларын тарта отырып жүргізілді.

Бақылаумен анықталған бұзушылықтардың ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметке жауапты мамандардың біліктілігін арттыру курстарынан өтпегені 5 фактісі анықталды.

 

Дата публикации
05 января 2024