БЖЗҚ-ның 2023 жылғы 1 қарашадағы негізгі көрсеткіштеріне шолу: зейнетақы жинақтары бір жылда 21,7%өсті

2023 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша отандастарымыздың зейнетақы жинақтарының көлемі 17,2 трлн теңгеге жетті. Бір жыл ішінде ол 3,1 трлн теңгеге немесе 21,7%, ал 2023 жылғы қаңтар-қазан аралығында 2,5 трлн теңгеге немесе 17,4%өсті.

Міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен зейнетақы жинақтары бір жыл ішінде 21,4% ұлғайып, 2023 жылғы 1 қарашада 16,7 трлн теңгеге, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен29,1% артып, шамамен 549,8 млрд теңгеге жетті.

57,2% мөлшеріндегі ең үлкен өсімді ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен қалыптастырылған жинақтар көрсетті, 01.11.2023 ж.ол шамамен 5 млрд теңге болды.

Бір жеке зейнетақы шотындағы (ЖЗШ) МЗЖ есебінен жинақтардың орташа мөлшері – 1 505,9 мың теңге, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 19,8% артық. Осы ретте барлық салымшылардың, яғни жеке шотына қаражат жинауды жаңадан бастағандардың да, жарналарды 25 жыл бойы үздіксіз аударып келе жатқандардың да жеке зейнетақы шоттары есепке алынды. Жинақ сомасы негізінен салымшының табысы негізінде жарналардың жүйелілігі мен көлеміне байланысты болады.

Дата публикации
14 декабря 2023