2023 жылдың 10 айында БЖЗҚ салымшыларының шоттарына есептелген таза инвестициялық кіріс – 1,23 трлн теңге. Ол өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 578,11 млрд теңгеге немесе 89,3% артық.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (ҚРҰБ) басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері бойынша кірістілік жыл басынан бері 01.11.2023ж. дейінгі жағдай бойынша 7,98% көрсетті.
Инвестициялық кіріс бағалы қағаздар (салымдар және басқа операциялар) бойынша сыйақы түріндегі кірістерден, қаржы құралдарын нарықтық және валюталық қайта бағалаудан, сыртқы басқарудағы активтер бойынша кірістерден және т. б. жинақталады. ҚРҰБ және инвестициялық портфельді басқарушылар (ИПБ) зейнетақы активтерін инвестициялық кіріс алу мақсатында ҚР және шетелдегі экономиканың түрлі секторларының сенімді қаржы құралдарына түрлі валюталарда орналастырады. Осындай әртараптандыру есебінен тұрақты инвестициялық кірістілік қамтамасыз етіліп, 10 ай ішінде оң инвестициялық кіріс алынды.
Естеріңізге сала кетейік, зейнетақы активтерінің қысқа уақыт ішіндегі кірістілігі оларды басқару тиімділігінің объективті көрінісін көрсетпейді. БЖЗҚ зейнетақы активтері ұзақ инвестициялық көкжиекке ие және инвестициялаудың негізгі мақсаты – ұзақ мерзімді кезеңде нақты табыс алу.
1998 жылы жинақтаушы зейнетақы жүйесі құрылған күннен бастап инвестициялық кіріс 2023 жылғы 1 қарашада 9,02 трлн теңгеден асты, ал бүкіл кезең ішінде жинақталған инфляция 739,53% болғанда жинақталған инвестициялық кірістілік өспелі қорытындымен 798,74% көрсетті. Осылайша, ұзақ мерзімді кезеңдегі жинақталған инвестициялық кіріс инфляциядан асып түсті.