"БЖЗҚ" АҚ (бұдан әрі - БЖЗҚ, Қор) 2023 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша тұрғынүй жағдайын жақсарту/сатыпалужәне (немесе) емделу мақсатындауәкілетті оператор-банктерде ашылған отандастарымыздың арнайы шоттарына 1,9 млн өтінішке сәйкес 3,71 трлн теңгеаударды. Естеріңізге сала кетейік, зейнетақы жинақтарын азаматтар тұрғын үйге, емделуге немесе басқарушы компанияларға аударуға БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтарының қолжетімді сомасы шегінде бірнеше рет пайдалана алады.
Тұрғын үйге
2021 жылғы қаңтардан бастап 2023 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша БЖЗҚ салымшылардың (алушылардың) тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін зейнетақы жинақтарын пайдалануға берген 1,42 млн астам өтінішін орындады. Қазақстандықтардың уәкілетті оператор-банктерде ашылған арнайы шоттарына БЖЗҚ шамамен 3,31 трлн теңге қаржы аударды. Біржолғы зейнетақы төлемдерінің орташа сомасы шамамен 2,32 млн теңге.
Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға өтініштердің ең көп санын Алматы қаласының (уәкілетті операторларға аударылған жалпы соманың 23,14%), Маңғыстау облысының (16,24%), Астана қаласының (13,86%) тұрғындары жолдады. Қордың www.enpf.kz сайтындағы "Көрсеткіштер" бөлімінде азаматтардың біржолғы зейнетақы төлемдеріне өтініштерді қандай мақсаттарға беретіні, оның ішінде өңірлер бөлінісі ("Біржолғы зейнетақы төлемдері мақсаттары бойынша" және "Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдері" бөлімшелері) бойынша ақпарат орналастырылған.