«БЖЗҚ» АҚ 10 АЙДА КӨРСЕТКЕН ҚЫЗМЕТТЕР САНЫ 20 МЛН. АСЫП ТҮСТІ

Салымшылар қызмет алудың түрлі форматтарын таңдайды

 

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры ағымдағы жылдың 10 айында (01.01.2023 бастап 01.11.2023 ж. дейін) өз салымшыларына 20 млн.астам қызметкөрсетті. Оның ішінде 14,4 млн. астам қызмет электрондық форматта, 4,7 млн. астамы – автоматты форматта ұсынылды. Күндізгі форматта, оның ішінде Қордың кеңселерінде және барып қызмет көрсету барысында 1 млн-нан астам операция жүргізілді.

Жеке зейнетақы шотының (ЖЗШ) жай-күйі туралы үзінді-көшірме беру – ең сұранысқа ие қызмет болып қалуда. Жыл басынан бері осындай 19 млн-нан астам қызмет көрсетілді. Оның ішінде 14,3 млн астамы - электрондық түрде, тағы да шамамен 4,1 млн қызметбұрын "электрондық пошта арқылы" хабарлау тәсілін таңдаған салымшылар мен алушылардың мекенжайларына автоматты режимде жіберілді. Ал 503 мыңға жуық үзінді көшірме Қор кеңселерінде берілді.

Жыл басынан бері өткен 10 айда БЖЗҚ ақпараттық базасында автоматты режимде 293 мыңнан астам жеке зейнетақы шоты ашылды.

Деректемелерді өзгертуге 280 мыңға жуық өтініш түсіп, оның 214 мыңнан астамы – Қор кеңселерінде қабылданды. Ал барып қызмет көрсету нәтижесінде 42 мыңнан астам өтінім қанағаттандырылды. Тағы 18 мыңнан астам өтініш электрондық нұсқада берілді. 

Естеріңізге сала кетейік, БЖЗҚ сайтындағы және ұялы қосымшасындағы Жеке кабинетте салымшылардың (алушылардың) өз деректемелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу, ЖЗШ-сының бар екендігі туралы анықтама алу, 1 немесе 2 топтағы мүгедектіктің белгіленуіне байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру, төлемге өтініштің мәртебесін қадағалау, жинақтарының бір бөлігін инвестициялық портфельді басқарушыға аудару, зейнетақы калькуляторының көмегімен болашақ зейнетақыны болжамды есептеу және т.б. қызметтерді әлемнің кез келген нүктесінен 24/7 режимінде пайдалану мүмкіндігі бар. 

Дата публикации
14 декабря 2023