Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымдарды қарау ерекшеліктері

ҚР Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заңының 25-бабына сәйкес Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымдарды қарау ерекшеліктері

1.КөрсетілетінқызметтіалушылардыңмемлекеттікқызметтеркөрсетумәселелерібойыншашағымдарыосыЗаңдабелгіленгенерекшеліктерескерілеотырып,ҚазақстанРеспубликасыныңзаңнамасынасәйкесқаралуғажатады.

2.Мемлекеттік қызметтерді тікелей  көрсететін орталық мемлекеттік органның, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының, қаладағы аудан,аудандықмаңызыбарқала,кент,ауыл,ауылдықокругәкімінің,көрсетілетінқызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

3.Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган шағымды қарау қорытындылары бойынша:

1)көрсетілетін қызметті алушының шағымы бойынша орталық мемлекеттік орган, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы, қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімі, көрсетілетін қызметті беруші, Мемлекеттік корпорация қабылдаған шешімге оның қанағаттанбауы себептерін кешенді зерделеуді қамтамасыз етуге;

2)орталық мемлекеттік орган,облыстың,республикалық маңызы бар қаланың,астананың,ауданның, облыстық маңызыбарқаланың жергілікті атқарушы органы, қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдықокругтің әкімі тарапынан Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасының сақталмау фактісі анықталған жағдайдаолардыңатына көрсетілетін қызметті алушының бұзылған құқықтарын,бостандықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіру жөнінде шаралар қолдану үшін ұсыныстар жіберуге;

3)көрсетілетін қызметті алушының шағымын орталық мемлекеттік орган, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың,ауданның,облыстықмаңызыбарқаланыңжергіліктіатқарушыорганы,қаладағыауданның,аудандықмаңызыбарқаланың,кенттің,ауылдың,ауылдықокругтіңәкімітарапынанқанағаттандырудыңуақтылылығыментолықтығынбақылаудыжүзегеасыруғаміндетті.

4.Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның, орталық мемлекеттік органның, облыстың,республикалық маңызы бар қаланың,астананың,ауданның,облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының, қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала,кент,ауыл,ауылдық округ әкімінің шағымды қарау мерзімі:

1)шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеруіне жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;

2)қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда он жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.

Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде шағым берген көрсетілетін қызметті алушыға ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда(шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде)немесе электрондық нысанда(шағым электрондық түрде берілген кезде)хабарлайды.

Дата публикации
14 декабря 2023