«Байзақ ауданының ауылдар және ауылдық округтер әкімдері аппараттарының Ережелерін бекіту туралы»

ЖОБА

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңына, «Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты туралы үлгілік ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің          2017 жылғы 7 тамыздағы № 294 бұйрығына  сәйкес, Байзақ ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Байзақ ауданының ауылдар және ауылдық округтер әкімдері аппараттарының Ережелері жаңа редакцияда бекітілсін.

2. Ауылдар және ауылдық округтер әкімдері заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

  1. Байзақ ауданы әкімдігінің «Байзақ ауданының ауылдар және ауылдық округтер әкімдері аппараттарының Ережелерін бекіту туралы» 2018 жылғы 2 шілдедегі № 265 қаулыныңкүші жойылсын.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылау Байзақ ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
«Байзақ ауданының ауылдар және ауылдық округтер әкімдері аппараттарының Ережелерін бекіту туралы»
Дата публикации
12 декабря 2023