Байзақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хабары

 ХАБАРЛАМА

2023 жылдың 03 желтоқсанында Байзақ ауданының, Қызыл жұлдыз ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.

Байзақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Байзақ ауданының Қызыл жұлдыз ауылдық округі әкімінің сайлау нәтижелері туралы, №122, №145 учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындысын белгіледі:

Қызыл жұлдыз ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне - 3151 азамат енгізілді, олардың - 1894 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 4, «Барлығына қарсымын» белгісі қойылған жолда - 8.

Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:   

Кудайбергенов Нуржан Нуртазаевич – 1566.

Мамытбеков Руслан Сейсенғалиұлы - 366.

Қызыл жұлдыз ауылдық округінің әкімі болып Кудайбергенов Нуржан Нуртазаевич  сайланды, 1978 жылы туылған, Байзақ ауданы, Қызыл жұлдыз ауылдық округі әкімінің орынбасары, Қызыл жұлдыз ауылында тұрады, «AMANAT» партиясы ұсынған.

 

 Байзақ аудандық сайлау комиссиясы

 

Байзақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хабары
Дата публикации
04 декабря 2023